Бейсен Құранбектің Whatsapp мессенджерінде жазған соңғы хаттарының бірі табылды (фото)

Oinet.kz 20-05-2020 7492

Қазақстандық дипломат Батырхан Құрмансейіт кеше, 18 мамырда көз жұмған тележүргізуші, Қазақстанның мәдениет қайраткері Бейсен Құранбекпен соңғы сөйлескен сәтін желіде жария етті.

image.png

Дипломат жазбаның скриншотын Facebook желісіндегі парақшасында жүктеді.

"Бір күні сен өзге телефоннан жаздың. Сөйлесейік дедің. Сөйлестік. Жағдайыңды айттың. Жүрегімді ауырттың. Дертіңе ем іздедік. Жапонияға жібердік. Естідім. Секем алдым. Сенбедім. Сенгім келмеді. 

Туған күніңмен құттықтадым. Даусыңды естіп мұңайдым. Қой ондайды дедім. Қорқайын дедім. Білдірмейін дедім. Мүсіркемейін дедім. Жігерің жеңілмесін дедім. Күлдіруге тырыстым. Күліп алдық... 

Болмады...Кеттің... 

Ораза айында кеттің. Енді біз бірге ауыз аша алмаймыз. Енді бірге айттай алмаймыз. Өзіңмен бірге көп нәрсе өлді бүгін, Бейсекем. Ана бір арманымыз орындалмай қалды. Әттең. 

Өзің-ақ ең осындай. Өзегім өртенді. Жүрегім жылап отыр. Мен бүгін жылаймын. Бақұл бол, Бауыр, бақұл бол Дос. Жаның жәннәттә болсын, Бейсекем, жаның жәннәттә болсын", - деді досы Батырхан Құрмансейіт.

image.png

image.png

Шымкентте биыл Өнер мектебі пайдалануға беріледі
«Бейсен» - деп ақ қағазға атын жаздым» - журналист Сандуғаш Дүйсенова
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу