Бейсен Құранбектің әжесі өмірден өтті

Oinet.kz 03-03-2021 1256

Белгілі тележүргізуші марқұм Бейсен Құранбектің әжесі де өмірден өтті. Қаралы хабар туралы журналистің досы Серік Әбікенұлы Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды. 

Бейсен Құранбек әже.jpg

- Ғасыр жасаған, аштық, қуғын көріп аман қалып, бір әулеттің саясы болған апамыз қайтты. Бейсекең өстіп құшақтап, "Апа-ау, ақынның баласы келді!" - десе қос қолын созып маңдайдан сүюші еді. Одан кейін бата беретін. Баршаның тілеуін тілеп отыратын. Апа үшін Бейсені командировкада жүр. Иманды болыңыз, апа, - дейді Серік Әбікенұлы. 

Оның сөзінше, әжейдің бүгін сағат 10.00-де, Қызылжар ауылында жаназасы шығарылмақ. 

Соңғы тәулікте 717 адамнан коронавирус анықталды
Жантүршігерлік жол апаты салдарынан 7 адам қаза болды (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу