Енді Сауд Арабиясында қамшымен сабамайтын болды ​

Oinet.kz 29-04-2020 1036

Screenshot_5.jpg

Енді Сауд Арабиясында қылмыс жасағаны үшін ешкімді қамшымен сабамайды. Жазаның бұл түрі айыппұл салумен немесе қамауға алумен ауыстырылды. Мұндай шешімді Жоғарғы сот адам құқықтарына қатысты заңдарды реформалау шарасы аясында қабылдап отыр.   Дүре соғу жазасы Сауд Арабиясында ескі замандардан бері бар. Мұндай жаза түрі ұрлық, жалған құжат жасау, жала жабу, қоғамдық орында мас болу сияқты қылмыстарға қолданылды. 

Жалпы соңғы жылдары Сауд Арабиясында адам құқығын реформалау бағытында тың қадамдар жасалуда. Мәселен былтыр әйелдерге шет елге ерінің ертіп жүруінсіз шығуына рұқсат етілді. 2018 жылы мұнда әйелдерге көлік жүргізу құқығы берілген болатын. 

Вьетнам коронавирусты қалай жеңді?
Ел басына күн туса...
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу