Назарбаев: «Министрлер мен әкімдер жеке жауап береді»

Oinet.kz 24-04-2020 2446

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік бағдарламалардың тиімді жүзеге асуына министрлер мен әкімдер жеке жауап беретінін айтты. Бұл туралы elbasy.kz сайтында хабарланды.

1393943.jpg

Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы 2020 жылғы дағдарыстан кейін елдің дамуының жаңа кезеңі дер кезінде тығырықтан шығуды ғана емес, мемлекет үшін жаңа мүмкіндіктер мен артықшылықтарға ие болатынын айтты.

- Біз бұл дағдарысты жеңетінімізге сенімдімін. Әкімдер мен министрлер жеке жауапкершілік жүктеледі. Үкімет барлық мемлекеттік бағдарламалар мен дағдарысқа қарсы шаралардың тиімді орындалуын бақылауды қамтамасыз етуі керек. Мен халықты қабылданған шараларды қолдауға, бірлікте болуға және тәртіпке шақырамын. Мұның бәрі еліміздің мүддесі үшін жасалып жатыр, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Еске салайық, бүгін Назарбаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті. Жиында дағдарысқа қарсы шаралар кешенін, сондай-ақ экономиканы қалпына келтіру және дағдарыстан кейінгі дамудың одан әрі шараларын іске асыру мәселелері қаралды.

Назарбаев: «Біз қолдан келгеннің барлығын жасаймыз»
Алматыда есірткіні палаудың ішіне салып түрмеге өткізбек болған азамат ұсталды (фото)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу