Елімізде бір реттік 50 мың теңге беріле бастады: Жәрдемақы кімдерге төленбек

Oinet.kz 10-04-2020 4233

Елімізде әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтарға "Біргеміз" қорынан 50 мың теңге бір реттік төлем беріле бастады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы КТК телеарнасына сілтеме жасап. 

image.png

Телеарна мәліметінше, осыған дейін қорға жиналған 7 жарым миллиард теңгеден асатын соманы "Біз біргеміз" науқанының аясында 50 мың отбасына үлестірген. Шара алдағы уақытта жалғасын тауып, бірінші кезеңде 150 мың отбасына жәрдемақы үлестірілу көзделіп отырғаны белгілі болды.  Бұл жөнінде "Біргеміз" қорының төрағасы Руслан Сакеев пікір білдірді. 

"Егер қазір 7 миллиард 600 миллионды тарататын болсақ, қазігі уақытта біздің қорымызға 10 миллиардтай ақша келіп түсті. Ол 10 миллиардты біз бірінші толқынды бітіргеннен кейін, екінші толқынға тағы да кеңеске шығарамыз. Ол жерде қалалардың немесе халықтың тізімі қайтадан нақтыланып, қайтадан кеңеспен бекітіледі", - деп түсіндірді ол.

Дереккөз: КТК телеарнасы

Алматыда коронавирустан қаза болған адам 16 наурыздан бері ем қабылдаған
Павлодарлық науқас Қарағанды мен Шымкентте де болған
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу