Алматыда коронавирустан қаза болған адам 16 наурыздан бері ем қабылдаған
Науқаста екі жақты полисегментті пневмония, ауыр ағымы болды. Екі жақты плеврит, өкпенің ісінуі, Лайелла синдромы болды. Бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев брифинг барысында айтты, деп хабарлайды Baq.kz. порталына сілтеме берген Oinet.kz.
Оның айтуынша, Алматыда коронавирус жұқтырып, ауыр жағдайда болған науқас кеше сағат 23.50 кезінде қайтыс болған.
- Науқас байланыста болғандар қатарынан, оның оң талдауы 16 наурызда анықталды. Қосымша ауруларымен, атап айтқанда өкпенің созылмалы обструктивті ауруларымен, жүректің созылмалы жеткіліксіздігі мен жүректің ишемиялық ауруларымен, стенокардиясымен, артериялық гипертензиясымен байланысты, ол 18 наурызда реанимация және қарқынды терапия бөлімшесіне орналастырылды, - деді ол.
Сондай-ақ, ол жүргізілген қарқынды терапияға қарамастан, жағдай полиоргандық жеткіліксіздіктің тыныс алу, жүрек-қан тамырларының дамуымен прогрессивті нашарлағанын айтты.
- 9 сәуірде қосымша ауруларының үдеуі аясында сағат 23.20-да қан айналымы тоқтады. 30 минут ішінде жүргізілген реанимациялық іс-шаралар сәтсіз болып, сағат 23.50-де биологиялық қайтыс болғаны анықталды. Негізгі диагнозы COVID-19 коронавирустық инфекциясы расталған. Екі жақты полисегментті пневмония, ауыр ағымы, екі жақты плеврит, өкпенің ісінуі, Лайелла синдромы бодды, - деді басқарма басшысы.