Павлодарлық науқас Қарағанды мен Шымкентте де болған

Oinet.kz 10-04-2020 996

Коронавирустан өңірде алғаш емделген науқас ауруханадан шықты, қазір ол - үй карантинінде, деп мәлімдеді Павлодар облыстық Тауарлар мен қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Замзагүл Дощанова арнайы брифингте, деп хабарлайды zakon.kz.

image.png

Екінші науқас - 1981 жылғы Павлодар қаласының тұрғыны. Ол 8 сәуірде жұқпалы аурулар ауруханасына коронавирус инфекциясы белгісімен ауруханаға жеткізіліп, жеке боксқа орналастырылды. Оның жағдайы бүгінде қанағаттанарлық деңгейде. Науқастың айтуынша, 21 наурыздан бастап ол Қазақстанның бірнеше қалаларында, соның ішінде Қарағанды мен Шымкентте де болған, - деді Дощанова.

Науқаспен байланыста болған 158 адам анықталған. Оның ішінде алты адам ауруханаға жатқызылды, 114 адам - үй карантинінде, 38 адам - басқа облыстардың тұрғындары. Олардың деректері тиісті аумақтық органдарға берілді. Павлодарда коронавируспен ауырған алғашқы науқас емделіп, ауруханадан шығарылды. Ол - 1988 жылғы Павлодар облысы Ақсу қаласының тұрғыны.

Науқас емдеу курсынан өтіп, сауығып, тұрғылықты жері бойынша үй карантиніне жіберілді. Оның байланыста болған 154 адам да бақылаудан шығарылды.

Айта кету керек, оның жағдайында вирусқа алғашқы тест оң нәтиже берді. Келесі екеуі теріс нәтиже берді, - деп атап өтті облыстық басқарма бастығының орынбасары.

Бүгінгі таңда Павлодар облысында 1139 адам медициналық бақылауда. Оның ішінде ауруханада - 148 адам, үй карантинінде - 991 адам.

Елімізде бір реттік 50 мың теңге беріле бастады: Жәрдемақы кімдерге төленбек
Коронавируспен челлендж арқылы күресіп жатырмыз
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу