Бекшин: «Елімізде 11-16 наурызда коронавирус тіркелуі мүмкін»

Oinet.kz 10-03-2020 4075

11-16 наурыз аралығында елімізде коронавирус тіркелуі мүмкін. Алайда, бұл бас санитардың болжамы ғана. Болмауы да мүмкін, деп хабарлайды Baq.kz порталына сілтеме берген Oinet.kz. 

6a369388ff68aa5a779948765fb5e410.jpeg

Қазақстанда коронавирус тіркелген жағдайда мектептер карантинге жабылуы мүмкін.  

- Біздің болжамымыз бойынша елімізде 11-16 наурызда коронавирус тіркелуі мүмкін. Бірақ бұл – болжам. Плюс-минус бір апта. Коронавирус анықталса, бірден арнайы шараларды қабылдаймыз. Бірақ ешкім сабақты дистанциялық оқуға жібермеуге тыйым сала алмайды, - деді еліміздің бас санитары Жандарбек Бекшин. 

Спикердің айтуынша, дистанциялық оқуға көшуді Білім және ғылым министрлігі шешеді. 

- Білім министрлігі тиісті ұсыныстарды әзірлеп қойды. Олар бүгін не ертең білім мекемелеріне түсуі керек. БҒМ мемлекеттік орта, колледждер және ЖОО-ларды бақылауға алады. Оларда тиісті ұсынымдар дайын... Егер мектептерде дистанциялық оқуға техникалық жабдық болса және тиісті министрлік сондай үкім шығарса, олар дистанциялық оқуға көше алады, - деді бас санитар Жандарбек Бекшин Орталық коммуникаиялар қызметіндегі коронвирусқа байланысты брифинг барысында.

Қазақстандықтардың зейнетақысы долларға айналуы мүмкін бе
Гүлжан Қарағұсова: «Олар мемлекет есебінен емес, біздің ақшамызға өмір сүреді»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу