Қазақстан Халқы Ассамблеясына бөлінген қаражат көлемі анықталды

Oinet.kz 12-02-2020 914

Қазақстан халқы Ассамблеясының концертін өткізуге былтыр бюджеттен 70,9 миллион теңге бөлінсе, биыл ол қаражат 74,2 миллион теңгеге жетпекші, деп хабарлайды Tengrinews.kz порталына сілтеме берген Oinet.kz.

photo_63676.png

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің мәліметінше, Қазақстан халқы Ассамблеясының даму тұжырымдамасын іске асыруға арналған жоспар бойынша өткен жылы бюджеттен 119 миллион теңге бөлінді. Тағы 15,2 миллион теңге этникалық топ өкілдерінің фестивальдерін өткізуге бөлінген.

Қазақстан халқы Ассамблеясының жыл сайынғы сессиясын өткізуге дайындық жүргізу үшін 2019 жылы 67,9 миллион теңге бөлінген. Биыл да бюджеттен сол мөлшердегі ақша бөлініп отыр", - делінген ведомствоның хабарламасында.

Сондай-ақ, министрліктің мәліметінше, этникалық проблемаларға ғылыми зерттеулер жүргізу үшін бюджеттен 64 миллион теңгедей қаражат бөлінеді.

Шығынның жалпы сомасы айтылмады. Қазақстан халқы Ассамблеясының іс-шаралар жоспарын мына жерден көре аласыздар.

Коронавирус құрбандарының саны 1068 адамға жетті
Атырауда дәрігер нәрестені қасақана өлтірмек болған
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу