Беташарда миллиондап ақша шашқандар қызу талқыға түсуде (видео)
Небір дарақылықтың көкесін қазақтың тойынан көресің. Бұл жолы беташарға миллиондар шашқан ағайын желідегі жұрттың қатал сынына ұшырады, деп хабарлайды Oinet.kz
Жаңа түскен келіннің сәлеміне тойшыл қауым бас-аяғы 55 миллион теңге лақтырған, делінеді "Еуразия" бірінші арнасының арнайы сюжетінде.
Тойдың қай өңірде, кімнің шаңырағында болғаны белгісіз. Анығы кей қонақтар қарапайым адамдар емес. Желідегі жұрттың бірі мұны дәстүрді дарақылыққа айналдыру деп бағаласа, өзгесі "бұл жасауына 12 тон алған қалыңдықтың беташары шығар" деп қалжыңдасып жатыр.