Шымкентте мектеп оқушыларын тамақтандыруға 8 млрд 200 млн теңге жұмсалады
Келесі жылдан бастап Шымкент қаласындағы бастауыш сынып оқушылары тегін ыстық тамақпен қамтылады.Бұл туралы Шымкент қаласы мәслихатының депутаты Албина Елшиева Facebook парақшасында хабарлады.
"2022 жылы 103 мыңнан астам Шымкент қаласының барлық 1-4 сынып оқушылары мектеп асханаларында тегін ыстық тамақпен қамтылатын болады.
Оқушыларды ыстық тамақпен қамтуға депутаттық сауал арқылы бюджеттен келесі жылға 8 млрд. 219,8 млн. теңге бағытталып отыр" - деп жазды ол.