Елімізде коронавирус күдігімен 80 адам ауруханаға жатқызылды

Oinet.kz 03-02-2020 1149

Қытаймен шекаралас мемлекеттерден келген азаматтарға мониторинг жалғасуда. 2020 жылдың 6 қаңтарынан 2 ақпан аралығында елімізге 27 мың 448 адам келген, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайты.

image.png

Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің санитарлық-карантиндік пунктілерінің мамандары Алматы қаласындағы халықаралық әуежайда - 20 мың 613 адамды, теміржол вокзалдарында – 399 жолаушыны тексерді. «ЖРВИ белгілерімен 80 адам көпшіліктен оқшау ауруханаға жатқызылды, оның 39-ы жазылып шықты. 

Қазір стационарларда 41 адам қалды. Ауруханаға жатқызылғандардың барлығының сынамасы қосымша бақылау үшін Алматыдағы Айқымбаев атындағы аса қауіпті жұқпалы аурулардың ұлттық ғылыми орталығына жіберілді. Бұл орталық жаңа коронавирусты ПТР-диагностикалау әдістемесін игерген» делінген хабарламада. Республикада терапия үшін қажетті дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдар бар, жұқпалы ауруханаларды оқшаулауға арналған бокстар, арнайы дәрігерлік және орта медициналық персонал дайындалған. 

Айта кету керек, бұл жағдай ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің тұрақты бақылауында. Ресми ақпаратты Денсаулық сақтау министрлігінің Facebook парақшасынан оқи аласыз және кез келген сұрақ бойынша тәулік бойы жұмыс істейтін 1406 байланыс орталығына қоңырау шалуға болады.

«Головкинге жанкүйер болмаңдар!» Қалаулым экс-қатысушысы тың мәлімдеме жасады
Жамбыл облысында дүниеге келген үшемге елде өте ерекше есімдер берілді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу