Қытайлық дәрігерлер коронавирустың өкпеге тигізер зиянын көрсетті (фото)

Oinet.kz 02-02-2020 1092

Қытайлық сарапшылар әлемдік қоғамға коронавирустан зардап шеккен ланьчжоулық науқастың өкпесінің суретін көрсетті, деп хабарлайды Oinet.kz  сайты KAZ.NUR.KZ. порталына сілтеме жасап.

5d74277f98509861.jpeg

Рентгенологтар берген мәліметтерге сай, аймақтың 33 жастағы тұрғыны Уханьнан келген соң алты күннен кейін медициналық көмекке жүгінген.

Әйел ауруханаға жөтел және қалтырау белгілерімен түскен. Radiology журналының жазуынша, келіншек бес тәулік бойы ауырған.

Науқасты компьютерлік томографияның зерттеген. Нәтижесінде әйелден «күңгірт шыны» деп аталатын белгі анықталған. Бұл тіндердің салыстырмалы жалпы массасының кескіндерінде өкпе тінінде жарық аймақтар болуымен сипатталады.

Жоғарыда көрсетілген суреттерде екі зерттеудің нәтижесі жарияланған. Біріншісі әйел ауруханаға түсе салысымен жасалған. Екіншісі үш күн уақыт өткен соң түсірілген. Дәрігерлердің айтуынша, дақтың көлемі үлкейе береді. Ал ауру асқынып, науқастың жағдайы нашарлай түседі.

Сарапшылар әйелдің болашағына қатысты ешқандай болжам жасамаған.

Еске сала кетсек, Қазақстан билігі бүгін Уханьнан өз азамататрын эвакуациялағаны хабарланды. Елге 83 қазақстандық қайтарылған.

Қазақстан өз азаматтарын Уханнан эвакуациялады
Бауыржан Ибрагимов Иманғали Тасмағамбетовтың бірінші дұшпаны не екенін айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу