Шымкентте 2 апталық нәрестені аман алып қалды

Oinet.kz 19-01-2020 2292

Шымкентте жедел жәрдем қызметінің мамандары 15 күндік нәрестені аман алып қалды. Кішкентай сәби бөтелкемен сүт ішіп жатып, тұншығып қалған, деп хабарлайды Oinet.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Znalezione obrazy dla zapytania младенец больница

Қалалық жедел жәрдем қызметінің мәліметінше, түнгі сағат 00:59 шамасында нәрестенің ауыр халіне байланысты шақырту келіп түскен. Арнайы бригада мамандары 12 минуттан кейін жетіп, бірден тексерген. Дәрігерлер кішкентай ауқастың ес-түзсіз жатқанын, тіпті тыныс алмай жатқанын анықтаған. Нәресте клиникалық өлім жағдайында болған. 

Дәрігер мен фельдшер дереу реанимациялық іс-шараларды жүргізіп, ем жасаған. Нәтижесінде 2 минуттан кейін науқас есін жинап, тыныс алуы және пульсі қалпына келтірілген. Жүрек соғысы да реттелген. Жедел жәрдем қызметкерлер алғашқы медициналық көмек көрсеткеннен кейін Шымкент қалалық клиникалық балалар ауруханасына жатқызылды.

 Дәл осындай жағдай басқа тағы бір 15 күндік нәрестемен орын алған. Арнайы бригада кішкентай науқасқа 9 минуттан кейін келіп анықтаса, сәбидің тыныс ала алмай қалғаны белгілі болған. Емізу кезінде анасы баланың ауызынан және мұрынынан емшек сүтінің ағып кетуіне және тыныс алмайтындығына назар аударған. 

Дәрігерлер келген кезде науқастың жағдайы ауыр болып, клиникалық өлім анықталған. Реанимациялық шаралар жүргізгеннен 3 минуттан кейін балада жүрек ырғағы, тыныс алу және пульс қалпына келтірілген. Алғашқы көмек көрсетілгеннен кейін нәресте № 2 облыстық перинаталдық орталыққа ем қабылдауға жатқызылған.

Жедел жәрдем қзметкерлері

Мейірхан Адамбеков өмірден озды
Instagram желісінде енді өңделген суреттерге де тыйым салынуы мүмкін
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу