Instagram желісінде енді өңделген суреттерге де тыйым салынуы мүмкін
Instagram әлеуметтік желісі пайдаланушыларға қатысты тағы да өзгерістер енгізуді жалғастыруда. Енді платформа әкімшілігі өңделген суреттермен күресті бастайтындықтарын мәлімдеді. Бұл жайт барлық инста-модельдер, фотографтар мен блогерлерді алаңдатып отырғандығы анық.
Әлеуметтік желі өңдеуден өткен, фильтрленген суреттерді толық форматта көрсетуді тоқтатады.
Редакцияланған суреттерді жариялау-жарияламау жұмысы әлі де толық нақты емес, дегенмен бұлай болған жағдайда Instagram алгоритмі пайдаланушылардың наразысына ұшырауы әбден мүмкін.