Түркістан облысында атаулы әлеуметтік көмекке құжат қабылдау жұмыстары басталды

Oinet.kz 10-01-2020 1268

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап атаулы әлеуметтік көмектің жаңа моделі енгізілді. 

Шаралар кешені 3 бағытты қамтиды:

біріншісі – көп балалы аналарды жеке санатқа шығару және оларға кепілді жәрдемақы беру, бұл ретте көп балалы отбасы-аз қамтылған отбасы деген стереотип алынып тасталады. 

екінші – аз қамтылған азаматтарды қолдау және оларды жұмысқа орналастыруға ынталандыру; 

үшіншісі - барлық атаулы әлеуметтік көмек алушылардың балаларына заттай қолдауды қамтитын кепілді пакет ұсынылады. 

АӘК түркістан.jpg

Бүгінгі таңда тиісті есептер жүргізіліп, қаржы қажеттілігі мен қатысушы контингенті анықталды.

Жалпы 2020 жылы атаулы әлеуметтік көмектің жаңа моделін іске асыруға 36,4 млрд.теңгеге жоспарланды, оның ішінде атаулы әлеуметтік көмекке - 25,2 млрд.тг. (49458 отбасы, 277028 адам), кепілдендірілген әлеуметтік пакетке - 11,2 млрд.тг. (157275 бала). 

Өткен жылдың тәжірибесінде, халық арасында әлеуметтік шиеленісті және абыр сабырды болдырмау мақсатында, бірқатар дайындық жұмыстары жүргізілді:

- атаулы әлеуметтік көмектің жаңа моделі туралы түсіндірме жұмыстары жандандырылды;

- халықтың көп жиналуына және кезекті болдырмау мақсатында қаңтар айына облыстың әр аумағында атаулы әлеуметтік көмекке құжат қабылдау кестесі бекітіліп, стендттерге  ілінді.

Атаулы әлеуметтік көмекке құқығы бар және қаңтар айында құжат тапсырған азаматтардың барлығы, қай күні құжат тапсырғанына қарамастан атаулы әлеуметтік көмек 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап тағайындалады. 

Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау мәселесі облыс әкімдігінің қатаң бақылауында. Осы мақсатта, атаулы әлеуметтік көмекке қабылданған өтініштердің күнделікті есебі жүргізілуде. 

2020 жылдың 5 қаңтарынан 6 қаңтары арылығында атаулы әлеуметтік көмекке 480 адам жүгініп, оның 425 адамы атаулы әлеуметтік көмекке өтініш тапсырды. Табыстары 2020 жылдың 1 тоқсанына белгіленген кедейлік шегі 20822 теңгеден төмен болған жағдайда атаулы әлеуметтік көмек тағайындалады.

Қосымша, қаңтар айында атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға қабылданған өтініштердің нәтижесінде, кепілдендірілген әлеуметтік топтаманы алушылар тізімі жасақталып, 2020 жылдың ақпан айының бірінші онкүндігінде беріледі. 


Ержан Жылқыбаев атаулы әлеуметтік көмектің жаңа тетіктерін түсіндірді
Түркістан: мемлекет саясаты жемқорлықтың алдын алуға айрықша басымдық беріп отыр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу