Құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою бойынша кезекті кездесу өтті

Oinet.kz 31-12-2019 1143

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментімен Қазақстан Республикасы Қылмыстық процестік кодексінің 200-бабына сәйкес, құқық бұзушылықтардың және басқа да заң бұзушылықтар жасауға ықпал ететін мән-жайларды жою бойынша ұсынуды ұжымда қарау жалғасын табуда. 

dc864b3e-d87e-4ebb-ac9d-4482e1c6b976.jpg

Бүгін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысы А.Жұмағали, басшының орынбасарлары Т.Серікбаев, К.Қабылбеков «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес АҚ-ның Шымкент қаласы бойынша филиалының ұжымымен кездесті. 

Кездесуде аталған Мекеменің маманына қатысты ұсыну қаралып, алдағы уақытта осындай жағдайларды болдырмау жолдары талқыланды.

Айта кетейік, Шымкент қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Cаll-centеr арқылы келіп түскен хабарлама арқылы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Шымкент филиалының маманы тарапынан жасалған алаяқтық әрекетті анықтады. Ол жер учаскесіне қатысты азаматтық іс бойынша оң шешім қабылдауына жәрдемдесемін деп алдау арқылы азаматтың 250 мың теңге көлемінде заңсыз ақша алған болатын. 

Сонымен қатар, Департамент басшылығы ұжымда парасаттылық қағидаттарын – адалдық, әділдік, әдептілік және сатылмаушылық құндылықтарын енгізуге назар аударды. 

Шара барысында «Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнама актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға енгізілген жаңашылықтар туралы кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, Заңға сәйкес басшыларға бағынышты қызметкерлер тарапынан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауына жол бермеу міндеті енгізілгені туралы айтылды.

Іс-шара қорытындысымен маманды теріс қылықтар бойынша қызметтен босатуды, сонымен қатар, тікелей басшылардың жауапкершілігін қарауды, алдағы уақытта осындай фактілерді болдырмау бойынша шараларды қабылдау туралы мәселені қарастыру ұсынылды.

Айта кетейік, жалпы шараға 100-ден астам адам қатысты. 

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап еңбекақы, шәкіртақы және зейнетақы өседі
Қазақстанда жаңа қала пайда болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу