Қазақстанда жаңа қала пайда болды

Oinet.kz 02-01-2020 2375

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысы Қостанай ауданының Затобол кентін аудандық маңызы бар қалалар санатына жатқызу және оны қайта атау туралы жарлыққа қол қойды деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Screenshot_1.jpg

Қостанай облысы Қостанай ауданының Затобол кентін аудандық маңызы бар қалалар санатына жатқызу және оны қайта атау туралы

"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының  9-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қостанай облысы Қостанай ауданының Затобол кенті аудандық маңызы бар қалалар санатына жатқызылсын.

2. Затобол кенті Тобыл қаласы болып қайта аталсын.

3. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2020 жылғы 2 қаңтар

№ 235

Осыған дейін, 30 желтоқсан күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев білім беру саласына, теміржол көлігі мен газбен қамтамасыз ету мәселелеріне қатысты бірқатар заңдарға қол қойды.

Құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою бойынша кезекті кездесу өтті
Тұңғыш президенттің берген пәрмені жылға ғана жетті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу