2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап еңбекақы, шәкіртақы және зейнетақы өседі

Oinet.kz 01-01-2020 4382

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап бірқатар салалар мен мамандықтар бойынша еңбекақы ресми артады деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, мұғалімдер жалақысы 25 пайызға, мәдениет саласы қызметкерлерінде 35-50 пайызға және әлеуметтік қызметтерде еңбекақы 30-60 пайызға көбейеді.

Снимок.JPG

"Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы" құрметті атағымен марапатталған мұғалімдерге 1000 АЕК мөлшерінде біржолғы төлем беріледі, ал магистр дәрежесі бар дене тәрбиесі және спорт саласындағы мемлекеттік білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне және әскери оқу орындарының оқытушыларына қосымша 10 АЕК төленеді. Сонымен бірге, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап ынтымақтық зейнетақы 7% -ға өседі, ал оның ең төменгі мөлшері 38 636 теңгені құрамақ.

Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі 5 пайызға артып, ең төменгі мөлшері - 16 839 теңге болады. Ал Жастар жылының ресми жабылуында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап студенттер шәкіртақысы 25 пайызға артатынын мәлімдеді. Осылайша, бакалавриат студенттеріне арналған стипендия 26 186 теңге, магистратураға - 66 913 теңге, докторантура үшін - 102 498 теңге төленеді.

Штрафы за нарушение ПДД повысились в Казахстане в новом году
Құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою бойынша кезекті кездесу өтті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу