Шымкент қаласында «Парасат» басқармасы ашылды
Шымкент қаласы бойынша «Парасат» басқармасы ең алғаш рет М.Әуезов атындағы ОҚМУ-да ашылды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
Мұның ең басты мақсаты, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы және мәдениетті қалыптастыру, өскелең ұрпақты адалдық қағидаттарына тәрбиелеу, сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент жүйесін дамыту болып табылады.
Бұл жоба «адалдық алаңы» жобасы негізінде іске асырыл отыр. Яғни, мұнда университеттің белсенділері немесе еріктілер ғана емес, күллі білім алушы студенттер дәріс тыңдай алады. Қоғамның жазықпас дертіне айналған сыбайлас-жемқорлықтың санын азайту мақсатында қолға алынған жобаның маңыздылығы орасан зор.
Аталмыш іс-шараға Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департамент басшысының орынбасары Талғар Әбдінәбиұлы және «Шымкент-Адалдық алаңының» жетекшісі Төлебаев Ерасыл Әшірбайұлы және Шымкент қаласы әкімдігінің өкілдері, университет оқытушылары мен студенттер қатысты. Кабинеттің лентасы салтанатты түрде қиылып, бұл жобаның маңыздылығы студенттерге насихатталды.
«Шымкент-Адалдық алаңының» жетекшісі Төлебаев Ерасыл Әшірбайұлының айтуынша, «Парасат» басқармасы арқылы Шымкент қаласындағы барлық жоғары оқу орындарымен тығыз қарым-қатынас жасайды.
Бұл жаңа жоба арқылы жастарды адал жолмен жүруге, ешқандай сыбайлас-жемқорлық әрекеттеріне бармауға шақырады.
Анықтама үшін телефон: 8775-589-01-41