Алматы тауларынан шаңғышы өлі табылды
16-10-2023
Алматыда оқушы қызға пышақпен шабуылдаған ер адамның кім екені анықталып, ұсталды деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі baq.kz сайтына сілтеме жасап.
«Оқушы қыз өзіне шабуылдаған адамды таныды. Ол 1969 жылы туған ер адам, КСК-да аула сыпырушы болып жұмыс істейді. Сол жерде, яғни Орбита шағын ауданында жертөледе тұрады. Оның сөзінше, сол күні таңертең ол мас күйінде дүкенге бара жатқан. Жол-жөнекей қызды көрген. Оны қорқытқысы келмеген. Тек қалтасынан телефонын алмақ болған, оқушы болса оны пышақ екен деп ойлап қалған дейді. Ер адамның айтқаны процессуалдық тәртіпте тексерілетін болады. Дәлелдеу базасы жиналып, кейін процессуалдық шешім қабылданатын болады», - деді Бостандық ауданы полиция басқармасының басшысы, полиция подполковнигі Дәурен Өтебаев.
Осы істі тексеру үшін полицияда арнайы жедел-тергеу тобы құрылған болатын.