Алматыда газ жарылып, он тоғыз жастағы бойжеткен жан сақтау бөлімінде жатыр
Алматыда дәрігерлер Жетісу ауданында болған газ бен ауа қоспасының жарылысынан зардап шеккен адамдардың жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасаған OINET.KZ.
Зардап шеккен үш адамның бірі - 23 жастағы ер адам ауруханадан шығуға дайындалып жатыр.
«Пациент денесінің 22% күйік шалған. Қазіргі жағдайы қанағаттанарлық. Ауруханадан шығуға дайындалып жатыр», - деді қалалық Қоғамдық денсаулықты сақтау басқармасынан.
Ал 19 жастағы бойжеткеннің жағдайы аса ауыр.
«2000 жылы туған қыз әлі де жансақтау бөлімінде. Жағдайы өте ауыр. Жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Денесінің 85%-ы күйген. Қазір өткір күйік токсемиясы кезеңін басынан кешіріп жатыр», - деді басқарма.