Мемлекет басшысы «Astana Ютария Ltd» компаниясымен танысты

Oinet.kz 01-11-2019 1155

Картинки по запросу Тоқаев

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіби тігін жабдықтарын құрастырумен әрі жеткізумен айналысатын, арнайы киімдер мен басқа да тұрмыстық және техникалық бұйымдар шығаратын «Astana Ютария Ltd» өндірістік-инновациялық компаниясының жұмысымен танысты, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі inform.kz сайтына сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев мекеме қызметкерлерімен әңгімелесу барысында олардың еңбегінің еліміз үшін маңызды екенін айтты. Сондай-ақ ол мемлекеттің халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына қолдау көрсететінін және осындай жандар үшін жұмыс орындарын ашатын мекемелерге әрқашан көмек беретінін атап өтті.

«Сіздердің фабрикаларыңызды үлкен қызығушылықпен аралап шықтым. Шын мәнінде, бұл қажетті әрі озық өнім шығаратын және жақсы жабдықталған әлеуметтік-жауапты кәсіпорын. Ең бастысы, мұнда сіздер сияқты ісмер адамдар жұмыс істейді», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Мекеме қызметкерлері фабрикаға келгені үшін Мемлекет басшысына алғыс айтып, оның мемлекеттік қызметіне табыс тіледі. Жалпы мекемеде 460 адам жұмыс істейді, соның ішінде 45-і халықтың әлеуметтік әлсіз тобына жатады.

Алматыда жалғызбасты аналарды алдап келген алаяқ әйел ұсталды
Ата-аналардың критериалды бағалауға қарсы петициясына жауап берілді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу