Алматыда жалғызбасты аналарды алдап келген алаяқ әйел ұсталды
Алматы облысының 47 жастағы тұрғыны жалғызбасты аналарға тұрғын үй алуға қайтарымсыз көмек көрсету қызметін ұсынған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасаған OINET.KZ.
«Күдікті әйел өзінің әпкесі арқылы пәтерге мұқтаж сенгіш азаматтарды тауып отырған. Ол жәбірленушілерден қомақты қаражаттың бір бөлігін алып, ол үшін проблемалық пәтерлерді алып беруге уәде еткен. Алайда ақшаны ала салысымен ізім-ғайып жоғалып отырған. Оның құрбандары көбіне жалғызбасты аналар. Күдікті жәбірленушілерден 750 мың теңге алып отырған. Негізінде әйел тұрғын үй мәселесін шешуге еш қатысы жоқ. Қазіргі уақытта осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы ("Алаяқтық") бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр», - деді Әуезов аудандық полиция басқармасының бөлім басшысы Жасұлан Тұрыспаев.
Осы азаматшаны таныған жағдайда және оның тарапынан істелген алаяқтық әрекеттің құрбаны болсаңыз мына телефон нөмірлеріне хабарласуды сұрайды: 8-701-718-70-69 немесе 298-53-70.