Қасым-Жомарт Тоқаев №23 орта мектепке барды

Oinet.kz 01-11-2019 973

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы №23 орта мектепке барды, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі inform.kz.

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов мектепті аралау барысында Президентке астананы дамыту жөніндегі кеңесте берілген тапсырмалардың орындалуы туралы баяндады. Оның айтуынша, биыл 5 мың орындық 6 жаңа мектеп, ал 2020 жылы 9 мың орындық 12 мектеп пайдалануға беріледі

Қасым-Жомарт Тоқаевқа елорда халқының 25 пайызы тұратын қала аумағындағы 16 тұрғын үй алабын дамыту жөніндегі тапсырмаларының жүзеге асырылу жайында да мәлімет берілді. Сондай-ақ Алтай Көлгінов қазіргі уақытта қалада үш ауысымды 8 мектеп барын, келешекте олардың саны орташа есеппен жыл сайын 10-12 мектепке артатынын айтты. 

Және әкім Президенттің тапсырмасы бойынша бұқаралық спортты дамыту мақсатында 4 жаңа спорт нысанының құрылысы басталғанын хабарлады. 

№23 мектептің материалдық-техникалық базасымен танысып, оқу кабинеттерін аралады, оқушылармен және мұғалімдермен әңгімелесті. Мұғалімдер Президентке мектептің қажеттіліктері туралы айтты.

Қазақстанда сүт және сүт өнімдері қымбаттады
Алматыда жалғызбасты аналарды алдап келген алаяқ әйел ұсталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу