Жастарды қолдау – болашаққа салынған берік негіз
Бәйдібек аудандық мәдениет үйінде аудан жастарымен кездесу өтті.

Жиынға «Әділет» партиясы Бәйдібек аудандық филиалының төрағасы Қансейтов Қуанышбек Үсіпәліұлы, Әділбеков Абзал Әлішерұлы және Атемов Ағабек Құрбанұлы қатысты.
Кездесу барысында «Әділет» партиясының 2026–2031 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасы таныстырылып, жастарды жұмыспен қамту, олардың білім алуына және кәсіпкерлік бастамаларына қолдау көрсету, ауыл жастарының әлеуетін арттыру бағытындағы міндеттер баяндалды.
Жиын соңында жастар өздерін толғандырған мәселелерді көтеріп, ұсыныс-пікірлерін білдірді. Ашық пікір алмасу барысында айтылған бастамаларды назарға алып, оларды жүзеге асырудың мүмкіндіктері талқыланды.


