«Әділет» партиясының сайлауалды бағдарламасы таныстырылды
Бөген ауылдық округінің мәдениет үйінде «Әділет» партиясының 2026–2031 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын таныстыруға бағытталған кездесу өтті.

Жиынға «Әділет» партиясы Бәйдібек аудандық филиалының төрағасы Қансейтов Қуанышбек Үсіпәліұлы, Әділбеков Абзал Әлішерұлы және Атемов Ағабек Құрбанұлы қатысып, ауыл тұрғындарымен пікір алмасты.
Кездесу барысында сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары таныстырылып, аудан мен ауылдық аумақтарды дамытуға арналған басым міндеттер баяндалды. Сондай-ақ тұрғындардың ұсыныс-пікірлері тыңдалып, бірқатар өзекті мәселелер талқыланды.


