Тоқаев: Ауыл шаруашылығы – ел экономикасының стратегиялық тірегі

Oinet.kz 20-11-2026

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің үшінші форумында сөз сөйлеп, аграрлық саланың ел экономикасындағы стратегиялық маңызына, ауыл еңбеккерлерінің еңбегіне және еліміздің алдағы даму басымдықтарына тоқталды.

125238.jpg

Президент ауыл шаруашылығының дамуы елдің экономикалық әлеуетін арттыруда айрықша рөл атқаратынын атап өтті. Биыл ауа райының қолайсыздығына қарамастан, еліміз бойынша 24,5 миллион тонна астық жиналды. Мемлекет басшысы бұл нәтижеге үлес қосқан диқандар мен ауыл шаруашылығы саласының барлық еңбеккеріне алғыс білдірді.

Сонымен қатар форум барысында су ресурстарын үнемдеу, жайылымдық жерлерді тиімді пайдалану және ауыл еңбеккерлерінің әлеуметтік жағдайын жақсарту мәселелері көтерілді. Президент Үкімет пен тиісті министрлікке айтылған ұсыныстар мен өзекті мәселелерді назарға алуды тапсырды.

Мемлекет басшысы адал еңбек пен жауапкершіліктің ел өркендеуіндегі маңызын ерекше атап өтіп, «Еңбек төрге оздырады» деген халық даналығын алға тартты. Оның айтуынша, елдің дамуы мен өрлеуіне өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын азаматтардың еңбегі негіз болады.

Сондай-ақ Президент биылғы Жолдауда жарияланған «Халықтық құрылыс» бағдарламасына тоқталды. Оның аясында еліміздің барлық өңірінде емханалар, ауруханалар, балабақшалар, мектептер, мәдениет және спорт нысандары салынып, жол инфрақұрылымы жаңғыртылады. Бұдан бөлек, атом, су және электр станциялары, деректерді өңдеу орталықтары бой көтереді.

Бұл бастамалардың барлығы елдің өндірістік және энергетикалық әлеуетін арттыруға, әлеуметтік инфрақұрылымды жақсартуға және халықтың тұрмыс сапасын көтеруге бағытталған.

В Шымкенте в ходе мероприятия «Пешеход» выявлено 3,5 тыс. правонарушений
Тоқаев: «Халықтық құрылыс» – әділетті Қазақстанның болашағын бірге қалайтын жалпыұлттық жоба
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу