Балаға қалдырар ең қымбат мұра – дені сау болашақ

Oinet.kz 18-11-2026

«Әкелер одағы» қоғамдық бірлестігінің өкілдері ұрпақ саулығын қорғау мақсатында Қазақстанда энергетикалық сусындарды өндіруге, коммерциялық мақсатта әкелуге және сатуға толық тыйым салуды ұсынып отыр.

Бірлестік өкілдерінің айтуынша, әр баланың аман-есен өсіп, әр отбасының жақындарының қызығын көруі – қоғам үшін маңызды құндылық. Сондықтан халық денсаулығын қорғау бағытында бүгіннен бастап нақты шаралар қабылдау қажет.

Осыған байланысты Үкіметке энергетикалық сусындардың саудасына, соның ішінде интернет пен жеткізу қызметтері арқылы сатылуына, сондай-ақ жарнамасына тыйым салуды көздейтін заң жобасын әзірлеу ұсынылды.

«Әкелер одағы» бастаманы көпшіліктің қолдауына шақырып, азаматтарды петицияға қол қоюға және бейнеүндеуді кеңінен таратуға үндейді.

Бүгінгі қолдау – ертеңгі ұрпақтың саулығына қосылған үлес. Отбасы денсаулығын бірге қорғайық!

Не стать участником «чужих игр»: в Семее студентам показали истории осуждённых за наркопреступления
Әкелер одағы қазақстанда энергетикалық сусындарды толықтай тыюды ұсынды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу