Мірәлі баб кесенесі республикалық маңызы бар сәулет ескерткіші
Ел тарихында есімі елге белгілі болған тұлғалар аз емес. Соның бірі – Мірәлі Баба. Ол ХХІІ ғасырда өмір сүрген діни ғұлама. «Сайрам туралы рисала» кітабында Мірәлі Бабаның ислам қағидаларына жетік болғандығы, дінді уағыздау мен ел арасына таратуда орасан зор еңбек еткендігі айтылады.
Әкесі Мәлік шах пен ұлдары Қожа Насыролла, Қожа Фатхоллалар өз дәуірінің оқымыстылары саналды.
Шымкент қаласына қарасты Сайрам ауылының маңында Мірәлі Бабаға арнап күмбез тұрғызылған. Кесене ғимаратының алғашқы нұсқасы XII-XV ғасырларда тұрғызылған. ХІ-ХІІ ғасырларда ислам дінін күшейту мақсатында Исфиджап (Сайрам) қаласында, феодалдардың танымал адамдарына арналып салынған ескерткіш.
Мірәлі баб кесенесі ежелгі Сайрамның көне құрылыстарының бірегейі. Жергілікті тұрғындардың бұл ескерткішті күтіп ұстауы арқасында бастапқы кейпі болмаса да, біздің уақытымызға дейін сақталған. Әрине, бірнеше жөндеу жұмыстары жүргізілген. Аумағы 9,8х6,4 м, күмбезінің биіктігі 9 м кесене төрт бұрышты портал-күмбез түрінде салынған, ішкі құрылымы аркалы қабырғалардан тұратын шаршы үй. Мойындығы мен күмбезін қасбетке қаратылған кірпіш белдеу бөліп тұр. Қабырғалары күйдірілген кірпіштен қаланған.
Мірәлі баб XI ғасырдың соңы мен XII ғасыр басында өмір сүрген. Ол өз дәуірінің діни ілімге жетік ғұламаларының бірі болған. Ислам дінін кеңінен насихаттау, уағыздау, ел арасында таратуда көп істер атқарған. Мірәлі Бап – өз дәуірінің жетік ғұламасы, ислам дінін кеңінен насихаттауға үлкен үлес қосқан. Мірәлі баптың атасы Қазірет Мәлік патша (X-XII ғ.) Қожа Жүсіп Хамаданимен дос болған. Олар бір-біріне хат жазысып, кітап арқылы жіберіп, пікір алмасып тұрған. Бұл кісілердің «бап» деп аталуы да олардың әділет пен ақиқат жолында қосқан үлестерін аңғартады.
Оның әкесі әзіреті Мәлік Сайрамға патша болып, атақты Қожа Жүсіп Хамаданимен дос болған екен. Мірәлі бабтың екі ұлы болған. Қожа Насыралла және Қожа Фатхұлла өз дәуірінің танымал оқымыстылары болған екен. Екеуінің қабірлері әкесінің жанына, сол кесене ішіне қойылған.
Мірәлі баб қабірінің үстіндегі бастапқы құрылыс нысаны туралы «Мадинат әл-Байда мен Испиджаб әулиелерi хақындағы трактаттарда» айтылған: «Ол қайтыс болғаннан кейін шамамен он бес жыл өткен соң, оның адал достарының бірі Мұхаммад Туджар Ғыждуани биік құлпытас орнатады». Бұл ашық аспан астындағы қабір үсті құрылыс – сағана болуы мүмкін. Бұдан әрі қарай, «ұлдарының моласы әйгілі әкесінің джалвеханасының (бастырмамен жабылған бөлмелер) екі жағында орналасқаны» айтылады. Кесене дамуының екінші кезеңінде құрылыс айван-бастырма түрінде болды деп жорамал жасауға болады. Кесененің алғашқы ғимараты қашан пайда болғаны белгісіз. 1925 ж. М.Е. Массон кесененің қираған қалдықтарын көрген. Демек, қазіргі ғимараттың негізгі бөліктері кейінгі уақыттарда салынған.
Археолог, шығыстанушы, тарих ғылымдарының докторы, проффессор, академик Михаил Евгеньевич Массоннын мәліметтері бойынша 1925 жылы күмбез әлдеқашан құлап қалған, ғимараттың соңғы қалдықтары мүлде бұзылған. Жалпы М. Массоннын өмірі мен қызметі Орта Азия аумағында археологияның ғылым ретінде қалыптасып дамуымен тығыз байланысты. Ол Орта Азияның республикалары мен Оңтүстік Қазақстан территориясында аса жемісті жқмыс істеп көптеген енбектер калдырды. М.Массонның ізденістерінің нәтижесінде Онтүстік Қазақстанның көптеген сәулет өнері мен археологиялық ескерткіштері жөнінде аса бағалы зерттеулер жазылды. Соның ішінде осы Мірәлі баб кесенесі де бар.
Мірәлі баб кесенесі республикалық маңызы бар сәулет ескерткіші санатына енген, 1982 жылдан бастап мемлекет қорғауына алынған. Қазіргі кезде мұнда зиярат ету және діни туризм нысаны ретінде келетін туристер мен саяхатшылар саны мол.