«Шымкентте тағы да криминал»: Ер адам әйелді пышақтап, полицияға қарсылық көрсеткен (ВИДЕО)
Әлеуметтік желіде Шымкентте тағы да қылмыстық оқиға орын алғаны жайлы видео тарады, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Желі қолданушыларының мәліметінше, 28 қаңтар күні ер адам әйелге пышақ жарақатын салып, оқиға орнына келген полицейлерге қарсылық көрсеткен. Күдіктіні ұстау барысында тәртіп сақшылары оны аяғынан атуға мәжбүр болған.



Қазіргі таңда аталған жағдайға байланысты полиция департаментінен ресми мәлімдеме күтілуде.


