Отырар ауданында депутаттарға ерекше құрмет көрсетілді

Oinet.kz 20-12-2024 56

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында  Қазақстан мәслихаттарына жалпы депутаттарға үлкен сенім артатынын білдірді. Биыл Қазақстан мәслихаттарына 30 жыл толып отыр.

Screenshot_7.jpg

Осы шара Отырар аудандық Мәдениет үйінде салтанатты жағдайда аталып өтті. Жиынға мекемелер мен құқық қорғау органдарының басшылары, мәслихат депутаттары, қоғам қайраткерлері, ардагерлер және зиялы қауым өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері, мемлекеттік мекеме қызметкерлері мен аудан тұрғындары қатысты. 

Аудандық мәслихат депутаты Төребек Айдарқұловтың айтуынша, жыл санап Парламент Мәжілісінен бастап, облыстық, қалалық және аудандық мәслихат депутаттарының беделі арта түскен.  

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елордамыз Астана қаласында барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының ІІ республикалық форумына қатысып, мәслихаттың мемлекеттік биліктің өте маңызды тармағы екенін атап өтті. Жалпы екі жыл бұрын жалпыхалықтық референдум өткізу арқылы елімізде Парламенттің рөлі артты. Бірқатар заңдарға өзгерістер енгізіліп, одан бері жүргізілген реформаның арқасында еліміздегі әкімдер институты айтарлықтай өзгерді. Ауыл әкімін тікелей сайлау тәсіліне біржола көшті. Аз уақыттың ішінде ауыл әкімдерінің 90 пайызына жуығы жаңарды. Сондай-ақ аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдерін сайлау жүйесін пилоттық жоба ретінде біздің өңірде де өткізіліп, жақсы нәтиже берді. Шындап келгенде мұның бәрі – демократиялық даму жолындағы айрықша маңызды қадамдар.

Президент әкімдерді сайлау кезінде де мәслихат депутаттарына көп сенім артатынын аңғартты. Яғни, жаңа сайланған әкімдерге жан-жақты қолдау көрсету керектігін, әсіресе, мәслихат депутаттары мен әкімдердің бірлесе жұмыс істегені қалайтындығын ашық аңғартты. Президенттің сөзімен айтсақ, оларды мемлекеттің жергілікті жердегі қос тірегі деуге болады, - дейді қоғам қайраткері Шалатай Мырзахметов.  

Сонымен ауданда Қазақстан мәслихаттарының 30 жылдық жиынында  аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы құттықтау сөз сөйлеп, мәслихаттардың ел дамуындағы маңызын атап өтті. Жергілікті басқару органдарының қоғамның әл-ауқатын арттырудағы, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі туралы айтып, алдағы жұмыстарына табыс тіледі.

- Бүгін біз еліміздегі Мәслихаттардың құрылғанына 30 жыл толуын салтанатты түрде атап өтудеміз. Мәслихаттар әрқашан азаматтардың мүддесін қорғай отырып, еліміздің даму жолында маңызды қадамдар жасайды. Мәслихаттардың 30 жылдығы – бұл тек өткенді бағалау ғана емес, алдағы уақытта да ел дамуына қосатын жаңа бастамаларды қолға алуға зор мүмкіндік. Баршаңызға қажымас қайрат, мықы денсаулық және жаңа жетістіктер тілеймін. Еліміздің Мәслихаттарының болашағы жарқын болып, әрбір өңірде әлеуметтік тұрақтылық пен даму нығая берсін, - дей келе халық пен билік арасындағы байланысты нығайтуда мәслихат депутаттарының рөліне тоқталды. 

Сондай-ақ, мерекелік жиында мемлекет және қоғам қайраткері Шалатай Мырзахметов пен аудандық мәслихат депутаты Төребек Айдарқұлов сөз алып, 30 жылдық тарихында Мәслихаттардың депутаттары өз міндеттерін жоғары жауапкершілікпен орындап, қоғамның түрлі мәселелерін шешуге атсалысқандығын жеткізді.

Іс-шара аясында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі мен ел мүддесі жолында атқарған еңбегі үшін бірқатар азаматтарға «Отырар ауданының Құрметті азаматы» атағы мен «Қазақстан мәслихаттарына 30 жыл» мерекелік төс белгісі табысталды. Шара соңы аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласып, патриоттық тақырыптағы әндер көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Біз мәслихат депутаты Төребек Айдарқұловты сөзге тартқан едік.

- Мемлекет басшысы «Мәслихат депутаттары – айрықша сенім мандатының иесі. Тұрғындар сіздерді жақсы біледі. Ой-пікірін өздеріңізге тікелей жеткізеді. Мәселесін шешуге көмектеседі деп үміт артады. Осы жауапкершілікті терең сезініп, халыққа адал қызмет ету керек. Әлемдегі ахуалды көріп отырсыздар. Ең бастысы, еліміз тыныш, жұртымыз аман. Әрине, түрлі қиындықтар кездесуі мүмкін. Бірақ татулық пен келісім болса, біз оның бәрін міндетті түрде еңсереміз. Ашық аспан астындағы бейбіт өмір – ең басты байлық. Мен қастерлі Отанымыздың болашағы жарқын екеніне кәміл сенемін. Түптеп келгенде, бәріміздің мақсатымыз, мүддеміз – бір. Бұл – Әділетті Қазақстанды құрып, халықтың әл-ауқатын арттыру. Осы міндетті абыроймен атқарасыздар деп ойлаймын. Депутаттар форумы келешекте дәстүрге айналып, тұрақты түрде өткізілуі керек» дей келіп, алдағы уақытта да мәслихат депутаттарына көп сенім артылатынын айтты. Біз түркістандық депутаттар еліміздің, тәуелсіз Отанымыздың көркейту жолында аянбай еңбек етіп, халықтың көңілінен шығамыз деген сенімдемін, - дейді ол. 

Жетісай спортшылары спортта биыл жақсы көрсеткіштер көрсетті
Созақ ауданында мал шаруашылығына елеулі көңіл бөлінуде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу