Жетісай спортшылары спортта биыл жақсы көрсеткіштер көрсетті
Президент Жолдауда басымдық берген бір бағыт, ол – ұлт саулығын нығайту үшін кешенді шараларды қолға алып, халықты әлеуметтік қолдау жүйесін жаңғырту. Соның ішінде бұқаралық спортты дамуға ерекше көңіл бөлінген.
Президент Жолдауында «Баршаңызға мәлім, мен бұқаралық спортты дамытуға ерекше мән беріп отырмын. Жастарымыз дені сау, мықты азамат болып өсуі керек. Сондықтан ұлт саулығын сақтау үшін бұқаралық спорттың маңызы айрықша. Жақында мен Олимпиадаға қатысушылармен кездестім, спорттағы нақты міндеттер мен басымдықтарға тоқталдым. Шын мәнінде, бұл саладағы заңнаманы жаңартатын кез келді деп ойлаймын. Заңға енгізілетін өзгертулер бұқаралық спорт пен балалар спортын дамытуға зор серпін береді. Сондай-ақ болашақ жеңімпаздар шоғырын даярлауға жол ашады», - деп айтқанындай Жетісай ауданында бұқаралық спорт жақсы дамып келеді.
Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының Жетісай аудандық №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Ғабит Жанаевтың айтуынша, мектепте спорттың каратэ-до-шотокан, футбол, еркін және грек-рим күрестері, греплинг және садақ ату сынды түрлерінен 685 жасөспірімді тәрбиелеп отыр. Спорт мектебі жыл басынан бері Әлем кубогында 1 күміс және 1 қола медаль иеленсе, Азия чемпионатында 1 күміс, ел чемпионатында 5 алтын мен 4 күміс, 2 қола, Қазақстан Республикасының Кубогында 5 алтын, 4 күміс, 2 қола, Халықаралық турнирде 1 қола, Республикалық турнирде 5 алтын мен 1 күміс, 6 қола, облыс чемпионатында 4 алтын мен 6 күміс, 3 қола, облыс ашық біріншіліктерінде 138 алтын мен 111 күміс және 170 қола еншілеген.
- Мемлекет басшысы тапсырғандай ауданда бұқаралық спортты дамытуға жақсы көңіл бөлінген. Жастар спорт секцияларына көптеп қатысуда. «Спорт – ұлтқа, нәсілге, діни сенімге қарамай достыққа жұмылдыратын ерекше күш. Бұл әрбір жаттықтырушының әрбірінің жеңістері – тынымсыз дайындық пен қажырлы еңбектің жемісі. Біз бүгінгі жетістікпен тоқтап қалмаймыз, келесі жылы бұдан да жоғары нәтижелерге қол жеткізетін боламыз. Жылдың соңы әрбір мекеме мен азаматтың атқарған жұмыстарына, жеткен жетістіктері мен жүзеге аспай қалған жобаларына есеп беріп, келер жылдың жоспарын бекітетін уақыты. Яғни, жылды қорытындылап, өзгелерден оқ бойы озық шыққан үздіктеріне құрмет көрсетіп, марапаттайтын сәт, - дейдіТүркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының Жетісай аудандық №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Ғабит Жанаев.
Биылғы жылды табысты тәмамдаған Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының Жетісай аудандық №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі де жыл бойы Халықаралық, республикалық, облыстық және аудандық жарыстарда топ жарып жүрген жеңімпаздарын, олардың ата-аналарын, жаттықтырушыларын марапаттады.