Түркістан қаласында 990 отбасын баспанамен қамту жоспарлануда

Oinet.kz 20-12-2024 63

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық экономика құрылымында баса мән беріп отырғаны халықты тұрғын үймен, таза ауыз сумен, көгілдір отынмен, жалпы ауыл тұрғындарының әлеуметтік жағдайын көтеру. 

Screenshot_10.jpg

Яғни, мұның барлығы құрылыс саласымен байланысты екені де белгілі. 

Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбековтың айтуынша, биыл жыл басынан бері Түркістан қаласында кезекте тұрған 482 отбасына пәтер кілті тапсырылған. Жалпы, жыл қорытындысымен түркістандық 990 отбасы баспанамен қамтамасыз етілмек. 

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты және биылғы Жолдауларында көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыру, елдімекендерді сапалы ауыз сумен қамту жайын назардан тыс қалдырмаған еді. Президент ішкі өңірлік қатынастарды жақсарту үшін автожолдардың жергілікті желісін жөндеу мен қайта салу бағытындағы жұмыстарды ұйымдастыруға, қаржы бөлуге өңірлердегі барлық әкімдіктердің белсенді қатысуын талап еткен болатын. Сонымен қатар қала ішіндегі жаңа шағын аудандарда мемлекеттік бағдарламалар аясында көпқабатты тұрғын үйлер салу жобалары қабылданып, бүгінгі күні шаһардағы «Жібек жолы» тұрғын үй кешені пайдалануға тапсырылып, 508 қала тұрғыны арендалық пәтермен қамтылды, - дейді қала әкімі. 

Жайлылық дегеніміз – ең алдымен, тұрғын үйдің қолжетімділігі, ауланың әдемілігі мен қауіпсіздігі, тіршілікке және жұмысты істеуге қолайлы елді мекеннің сапалы инфрақұрылымның болуы. Осы бағытта қабылданған мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар бүгінде аймақта табысты іске асырылуда. Жоғарыда айтылған «Жібек жолы» тұрғын үй кешенінің құрылысы Түркістан қалалық әкімдігінің тапсырысымен жүргізілген болатын. Қаланың Әкімшілік-іскерлік орталығынан бой көтерген 5 қабатты 508 пәтерлі арендалық тұрғын үй бірінші кезекте баспана кезегінде тұрған азаматтарға үлестірілді. 

– Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалар тұрғындарымыздың жайлы өмір сүруіне, баспана және жұмыспен қамтылуына бағытталған. Бүгін кезекте тұрған 500-ден аса отбасы көптен күткен пәтеріне қол жеткізіп, қоныс тойын тойлауға мүмкіндік алса, алда 990 отбасын баспанамен қамту жоспарлануда. Біз алдағы уақытта да Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауынан туындаған міндеттерді басшылыққа ала отырып жұмыс істейтін боламыз. Ал жоғарыда айтқан жұмыстар мен алдағы уақытта атқарылатын жобалардың барлығы да ел үшін атқарылатын болады, оның игілігін ел көретін болады, - дейді Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков.

Түркістан облысында білім ошақтары цифрландыру жүйесінің артықшылықтарын пайдалануда
Бәйдібек ауданында биыл 8 елдімекен көгілдір отынға қосылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу