Түркістан облысында білім ошақтары цифрландыру жүйесінің артықшылықтарын пайдалануда

Oinet.kz 20-12-2024 63

Президентіміз халыққа арнаған жолдауында Қазақстан цифрландыру саласында қол жеткізген жетістіктерін еселей түсуге тиіс деп атап өтті. «Электронды үкімет» платформасына жасанды интеллект технологиясын барынша енгізу қажет. 

Screenshot_9.jpg

Қазақстан жасанды интеллектіні кеңінен қолданатын және цифрлық технологияларды дамытып жатқан елге айналуға тиіс. Бұл – Үкіметтің басты міндетінің бірі. Парламент депутаттарын осы жұмысқа атсалысуға шақырамын» деді Мемлекет басшысы Жолдауда.

Бүгінгі күні Түркістан облысында білім саласы бойынша оқушылардың қажеттіліктерін сапалы әрі уақтылы үйлестіру және мемлекет қаржысын мақсатты пайдалану үшін саланы цифрландыру жұмысы күшейе түскен. 

- «Цифрлы Қазақстан» жүйесі елдің әлеуметтік-экономикалық салаларының барлығына үлкен өзгерістер алып келеді. Дүниежүзілік банк сарапшыларының пікірінше, жоғары жылдамдықты интернетті пайдаланушылар саны елімізде 20 пайызға артқан. Ал білім беру мекемелерінің барлығы компьютермен қамтылған. Аудан мектептері кең жолақты интернетке қосылған және Wi-Fi желісімен жабдықталған. Мектептерде «Күнделік» электрондық журналы енгізіліп, «Дарын Онлайн» платформасына қосылған. Сондай-ақ мектептердің алпыстан астам пайызы мультемедиялық кабинеттерімен жабдықталған. «Қауіпсіз мектеп» жобасы бойынша мектептерге турникеттер орнатылған, - дейді ол. 

Облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жандос Маханбетовтың айтуынша, биыл жылдың соңына дейін мемлекеттік-жекешелік әріптестікке берілген 458 мектеп (420 мектеп, 38 мектеп-интернат) асханасының 210-ына ақпараттық бағдарламалық комплекс (АБК) орнатылып, «Әлеуметік әмиян» жобасымен толық интеграция жасалады. Қалған 248-і «Бизнес әмиян» жүйесіне енгізілген. Ал 2025 жылдың қаңтар айынан бастап, 2 ай мерзімде оларға АБК орнатылып, интеграция жасалмақ. Одан басқа 457 мектепке «Бизнес әмиян» енгізу жұмыстары жүруде. 

- Цифрландыру бойынша Президентіміз тапсырған тапсырма жоспарлы жүзеге асырылуда. Сондай-ақ аймақ басшысы алдымызға өңірдегі балабақшалар, мектептер және колледждер толық цифрландыруға өтуі тиіс деген мәселені қойып отыр. Бұл бойынша бақылау, талап күшейтіледі. Студенттері оқуға келмейтін, оқу процесін үйлестіре алмайтын колледж басшыларын ауыстыру мәселесін қарастыру айтылды. Оқушылардың мектепке келуін, мектеп асханасының жұмысын қадағалауды цифрландыру бойынша ортақ бір жүйені қолданып, оны жауапты басқармаға интеграциялау қажет екенін деп тапсырған болатын. бүгінгі күні бұл бағытта тиісті жұмыстар жоспарлы атқарылуда, - дейді Жандос Маханбетов

Сонымен, оның айтуынша, облыстағы мемлекеттік 264 мемлекеттік балабақшада балаларды түгелдеу функциясын атқаратын арнайы құралдар мен камералар орнатылуда. 2025 жылдан бастап мемлекеттік тапсырыс алатын облыстағы 1119 жекеменшік балабақшаға да «Сана» жүйесі құрылтайшылар есебінен орнатылып, басқармамен интеграциаланады. Түркістан қаласындағы 145 балабақшаның 139-ы ваучерлік қаржыландыруға келісімдерін берді. Қалғандарына түсіндіру жұмыстары жалғасуда. Сонымен қатар облыстағы мемлекеттік тапсырыс қабылдап отырған 43 колледжге де Face ID жүйесі орнатылып, басқармамен интеграциаланады деп жоспарланған.

- Біздің оқушыларымыздың қауіпсіздігі басымдыққа ие! Республикада «Ата-ана бақылауы» қанатқақты жобасын іске қосылды. Енді ата-аналар баланың мектепке және кері қайту жолын телеграмботтың көмегімен бақылай алады. Ата-аналар баланың қай автобуспен, қай мектепке (немесе басқа жерге) жеткені туралы хабарлама алады. Турникеттер арқылы мектепке кіре берісте тұлғаның биометриялық параметрлерінің (FaceID) көмегімен ғана емес, сонымен қатар аудан орталығы мен қалаларда TulparCard автобустарында жол жүру карточкасының көмегімен де өту мүмкіндігі пайда болды. Сондай-ақ, камералар тепловизормен жабдықталған, бұл дене температурасы нормадан жоғары адамдарды анықтауға мүмкіндік береді. Асханаларда мектеп мәзірінен тағамдар, сусындар және тағы басқа таңдау үшін арнайы аппараттар орнатылған, - дейді облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жандос Маханбетов.

Сонымен цифрландыру бағдарламасының басты мақсаты – тұрақты экономикалық өсуге қол жеткізу, экономика мен ұлттың бәсекеге қабілеттілігін, халықтың өмір сүру сапасын арттыру үшін цифрлық экожүйені үдемелі дамыту. Бағдарламаны іске асыру төрт негізгі бағыт бойынша, атап айтсақ,  цифрлық Жібек жолын іске асыру (сенімді, қолжетімді, жоғары жылдамдықты және қауіпсіз цифрлық инфрақұрылымды дамыту), креативті қоғамды дамыту (цифрлық экономика үшін құзыреттер мен дағдыларды дамыту, халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру бойынша жұмыс, АКТ мамандарын даярлау), экономика секторларындағы цифрлық трансформациялар (бәсекеге қабілеттілікті арттыру үшін цифрлық экономиканың әртүрлі секторларына технологияларды кеңінен енгізу), проактивті жағдайға көшу (электронды және мобильді үкімет жүйесін жетілдіру, мемлекеттік қызметтерді көрсетуді оңтайландыру) жүзеге асырылуда. 

Түркістан облысында әлеуметтік дүкендер желісі нарық бағамын тұрақтандыруға өз септігін тигізуде
Түркістан қаласында 990 отбасын баспанамен қамту жоспарлануда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу