Созақ ауданында тартылған инвестиция 138 миллиард теңгені құрады

Oinet.kz 20-12-2024 71

Созақ ауданында атқарылған жұмыс көп. Аудан әкімі Мұхит Тұрысбековтың айтуынша, осы жылдың 10 айында жалпы өңірлік өнім көлемі 638 миллиард 395 млн теңгені құраған. 

Screenshot_5.jpg

Сондай-ақ, аудан экономикасына 138 миллиард 339 миллион теңге инвестиция тартылған. 

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында елдегі инвестициялық ахуалды және бизнес жүргізуге қажетті жағдайды жақсарту жолында үздіксіз жұмыс істеу маңызды екенін атап өтті. «Дүние жүзінде инвестицияға талас өршіп тұрған кезде елге қаржы тарту үшін «дәл осы жерде және дәл қазір» қағидасы бойынша шешім қабылдау – ең қажет шара. Сондықтан Үкімет жанындағы Инвестиция штабына ауқымды құзырет берілді. Бұл қадам металды терең өңдеу, мұнай-газ-көмір химиясы, туризм, энергетика және машина жасау сияқты маңызды салалардағы жобаларды жүзеге асыру қарқынын арттыруға жол ашты. Экономикаға салынған тікелей инвестиция көлемін азайтып алмау үшін осы бағыттағы жұмысты күшейту керек» деп тапсырған болатын Президент Жолдауында. Сонымен биыл Созақ ауданында ауыл шаруашылығы саласындағы жалпы өнім көлемі 14 миллиард 852 миллион 300 мың теңгені құрап, салаға 1 миллиард 315 миллион теңге инвестиция тартылды, - дейді аудан басшысы.  

Жалпы ауданда жүзеге асырылған жобалар аз емес. Мәселен, ауданда  «Жайлы мектеп» жобасы аясында 900 орындық Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектептің құрылысы жүргізіліп жатыр. Нысан құрылысы жыл соңына дейін толық аяқталмақ. Сондай-ақ, «Ауыл – ел бесігі» жобасы шеңберінде Шолаққорған ауылында республикалық бюджет есебінен заманауи үлгідегі спорт кешенінің құрылысы басталып, 2025 жылы пайдалануға беру көзделген. Бұдан бөлек, аудан орталығынадағы Жеткіншек шағын ауданынан жалпы 48 пәтер желтоқсан айында қолданысқа берілді. Алдағы 2025 жылы да Шолаққорған ауылында екі қабатты 16 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жүргізу жоспарланып отыр. 

Президент тапсырған инфрақұрылым жүйесін жаңғырту бойынша да ауданда жүзеге асырылып жатқан жобалар бар. Атап айтсақ, аудандағы 33 елді мекеннің 29-ы орталықтандырылған таза ауыз су жүйесімен қамтылған. Бүгінде аудандағы бірнеше елді мекендердің таза ауыз су құбырларына құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Аталған жұмыстар аяқталған жағдайда аудан халқы 100 пайыз ауыз сумен қамтылмақ. Сонымен қатар «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында аудандағы 26,1 шақырымды құрайтын 25 көшеге асфальт жабындысы төселген. 

- Мемлекет басшысы Жолдауында агроөнеркәсіп саласын дамытуға басымдық беріп отырғаны белгілі. Бүгінгі күні аудандағы егістік жер көлемі 14 638 гектарға жетсе, жаңбырлатып суару әдісі 201 гектарға енгізілген. Бұдан бөлек, биыл ауданда 7 570,4 тонна ет, 6 652,9 тонна сүт, 1 762,8 мың жұмыртқа өндірілді. Сонымен қатар «Ауыл аманаты» жобасы аясында биыл аудандағы Қаратау, Қарақұр, Сызған және Шолаққорған ауылдық округтері ұсынылып, өндірістік кооперативтер ашылды. Ал, «Жер аманаты» жобасы аясында аудандағы пайдаланылмай жатқан 15 мың гектар жер телімінің 9 021 гектары мемлекет меншігіне қайтарылды, - деді аудан әкімі.

Келес ауданында жеке тұрғындардың қауіпсіздік шаралары арттырылды
Түркістан облысында инвесторлар күшімен әлеуметтік нысандар көптеп салынуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу