Келес ауданында жеке тұрғындардың қауіпсіздік шаралары арттырылды

Oinet.kz 20-12-2024 80

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында цифрландыру саласында қол жеткізген жетістіктерді еселей түсуді тапсырды. 

Screenshot_4.jpg

«Қазақстан цифрландыру саласында қол жеткізген жетістіктерін еселей түсуге тиіс. «Электронды үкімет» платформасына жасанды интеллект технологиясын барынша енгізу қажет. Қазақстан жасанды интеллектіні кеңінен қолданатын және цифрлық технологияларды дамытып жатқан елге айналуға тиіс. Бұл – Үкіметтің басты міндетінің бірі. Парламент депутаттарын осы жұмысқа атсалысуға шақырамын» деді Президент. Осы бағытта Келес ауданындағы жол қозғалысы мен аулалардағы тұрғындардың қауіпсіздігін арттыру мақсатында көшелерге бейнебақылау камералары қойылуда. 

Аудан әкімі Жәнібек Ағыбаевтың айтуынша, цифрландыру арқылы жол және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында полиция қызметін оңтайландыру шараларын жүргізу, радиобайланыс желісін кеңейту, «келісімді бейнебақылау» жобасы аясында көше және адам көп шоғырланатын жерлерде бейнебақылау орнату арқылы қауіпсіздік шаралары арттырылған. 

Ал Түркістан облысы полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Мұрат Естемесовтың айтуынша, цифырландырудың қоғамға пайдасы зор. «Ең бастысы бейнекамералар ел азаматтарының қауіпсіздігінің кепілі» дейді ол.

- Келес ауданы бойынша, жалпы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге аудан орталығында 33 бейнебақылау камералары орнатылған, олардың 12 камерасы ПД-нің жедел басқару орталығына шығарылған.  Сонымен қатар, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында 13 стационарлы жылдамдық өлшейтін автоматты түрде айыппұл салатын аппараттық бағдарламалық кешендері бар. Әлемдік тәжірибеге сүйенсек, 100 адамға шаққанды 15 камерадан болу қажет. Біз аудан көлемінде не бәрі 100 адам басына шаққанда 2 камерадан орнататын болсақ, ауылдарды бұрын соңды болмаған бейнебақылау камераларымен қамтамасыз ететін боламыз, – деді Түркістан облысы полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Мұрат Естемесов.

Өз кезегінде аудан орталығын бейнебақылау камераларымен жабдықтау арқасында, кіші бизнестірдің дамуына кең мүмкіндік туады. Себебі, кез келген кәсіпкер, сырттан келген қонақтар және ауыл тұрғындары бірінші кезекте қауіпсіздікті қалайды. Осы мақсатта, көше бойларын, тұрғын үй аулаларын, оқу орындарының және кәсіпкерлік нысандардың маңдарына бейнебақылау камераларын орнатып, кезең кезеңімен көбейту қажетті бар. Қорыта айтқанда, цифрландыру барлық салада басымдыққа ие бола түспек.

Келес ауданында алдағы жылы 4 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда
Созақ ауданында тартылған инвестиция 138 миллиард теңгені құрады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу