Жетісайлық кәсіпкер 55 миллион теңге тұратын қаланың тазалығына қажетті заманауи техника сыйлады

Oinet.kz 31-10-2024 9

Түркістан облысының құрылғанына 5 жыл толуына орай және «АLTYN KÚZ – 2024» және Жетісай қаласының 55 жылдығы аясында Жетісайда үлкен іс-шара өтті.

Screenshot_76.jpg

Жер-Анадан несібесін теріп, маңдай терінің нәтижесін көретін диқандардың «Алтын күз» мерекесі мен Жетісай қаласының 55 жылдығына арналған мерекелік іс-шараға аудан басшысы Серік Мамытов пен Түркістан облыстық мәслихаты мен аудандық мәслихат депутаттары, қала, кент ауылдық округ әкімдері мен қала тұрғындары, ауданнан шыққан кәсіпкер-меценаттар мен сан салада еңбек етіп жүрген танымал азаматтар, көршілес аудандардан арнайы қонақтар қатысты.

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында ауыл шаруашылығы саласын дамытуға ерекше басымдық бергені белгілі. Осы ретте биыл ауданда шаруа қожалықтардың күшімен көп жұмыс атқарылды. Енді бұл күз жыл бойы атқарылған, төккен тердің жемісін көретін күн. Алтын күз – шаруалардың жыл бойғы бел жазбай істелген еңбектерінің жемісін көретін, нәтижесін сараптап, алдағы межелерді белгілейтін шағы. Осы орайда, жылдағы дәстүрге бойынша «Алтын күз 2024» мерекелік іс-шарасы бәріміздің сүйікті қаламыз – Жетісай қаласының 55 жылдығымен қатар атап өткізілуде, - дейді аудан әкімі

Іс-шаралары аясында Жетісай қаласындағы «Жеңіс» алаңында Жетісай ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен «JETISAI KITAPFest – 2024» кітап көрме-жәрмеңкесі болып өтті. Жетісай қаласы тұрғындарының кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру, жаңа кітаптармен таныстыра отырып азаматтар арасында кітап оқуды насихаттау мақсатында ұйымдастырылған шараға «QAZYNA», «ОТБАСЫ хрестоматиясы», «Olja Peak», «MARFU book», «MAZMUNDAMA», «Qasym kitaphanasy», «KitapAl», «Steppe&world», «Ziyat», «KAZAKH CONTENT» секілді Алматы қаласынан шақырылған 10 баспа 15 мыңнан астам түрлі жанрларда жазылған кітаптарды көпшілік назарына ұсынды. 

Сонымен қатар, жастар арасында кітап оқу дәстүрін жаңғырту мен кітап оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында өткен шарада баспагерлер келушілерге кітап оқу арқылы тұлғаның білім көкжиегінің кеңейетінін, ішкі жан дүниесі байып, есте сақтау қабілетінің артатынын, сөздік қоры көбейіп, өз пікірін еркін жеткізе алатынын насихаттады. Интелектуалды ұлт қалыптастыру жолында кітапхана мен мәдениет салаларының маңыздылығын жайында пікір алмасты.

Сондай-ақ іс-шара аясында қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы мен ауданның ауыл шаруашылығы саласында жемісті еңбек етіп жүргендер арнайы дипломдармен, мерекелік төсбелгілермен марапатталды. Бұдан бөлек, жасөспірімдер арасында кіші футболдан, тұрғындар мен қонақтар арасында спорттың гір тасын көтеру, арқан тарту, қошқар көтеру, садақ және асық ату, ләңгі тебу, кермеге тартылу секілді түрлерінен жарыстар, тұңғыш рет ұйымдастырылған «Алыптар сайысы» өткізілді.

Одан бөлек, даталы күнді жұртшылықтың жүрегінде қалатындай етіп ерекше атап өту мақсатында 55 метрлік кәуап, 55 сантиметрлік самсалар, қазан-қазан палау пісіріліп, көпшілікке ұсынылды. 55 жасқа биыл толған белгілі кәсіпкер-меценат, жетісайлық Бахаридин Аблазимов 55 миллион теңгеге қаланың тазалығына қажетті заманауи техникаларды сыйға тартты. Салтанатты шара соңы демеушілер есебінен өткен қазақ эстрадасы жұлдыздарының қатысуымен мерекелік концертпен қорытындыланды.

Түркістан қаласының сәулеттік келбеті мен тазалық іс-шараларына елеулі көңіл бөлінуде
Түркістан облысында қайтарылған жерлерді ауыл шаруашылығы айналымына қосу басты назарда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу