Түркістан қаласының сәулеттік келбеті мен тазалық іс-шараларына елеулі көңіл бөлінуде
Тазалық – көпке ортақ іс. Президент тапсырған «Таза Қазақстан» акциясы аясында Түркістан қаласында да көп жұмыс атқарылып жатыр. Қоршаған ортаны көгалдандырумен қатар, қаланың экологиялық ахуалын жақсартуға да зор үлес қосатын бұл шара барысында жаңа саябақтар ашылып, аллеялар қалыпқа келтіріп, шаһар көркін асыратын құрылыс нысандары бой көтеруде.
Бүгінде Түркістан қаласында жалпы облыста құрылыс, абаттандыру жұмыстары бір сәтке тоқтаған емес. Әсіресе, Тұркістан қаласында белсенділік өте жоғары. Жалпы өңірдегі барлық осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тікелей бақылауында тұрғанын атап өткен жөн. Мәселен, аймақ басшысы «Таза Қазақстан» акциясы аясында қолға алынған әрбір жобаны өзі қадағалап, бақылау отырады. Атап айтсақ, кеше облыс әкімі Түркістан қаласындағы бірнеше құрылыс алаңын аралап, жұмыс барысымен танысты. Алдымен ботаникалық бағы бар «Белсенді демалыс» және «Парасат» саябақтарын да болып, ондағы абаттандыру, көгалдандыру және құрылыс барысымен танысты.
– Президент Жолдауында тапсырылған «Таза Қазақстан» акциясының маңызы жоғары. Оның мазмұнын еш төмендетуге болмайды. Осы акция аясында атқарылған әрбір жұмыстың сапасы жоғары болуға тиіс. Әрбір отырғызылған көшет өсуі тиіс. Осы аймақтың ауа райы мен топырағына шыдамды ағаштарды ғана өтырғызу керек. Күйіп немесе қурап кеткен көшеттердің орнына қайтадан көшет отырғызу керек. Бұған жауапты мердігер жұмысын жүйелі атқаруы тиіс, – дейлі Дархан Сатыбалды.
Иә бұл талаптың қала әкімі мен шаһардың көріктендіруіне жауапты мердігерге тиісті айтылған тапсырма. Ал «Белсенді демалыс» саябағында тропикалық өсімдіктер өсетін ботаникалық бағы бар. Бүгінде үлкен жылыжай ішінде Түркістан өңіріне таңсық ағаштар мен өсімдіктер өсіріліп, балықтар мен құстың бір түрі әкелінген. Сахна, мінбер, 2 субұрқақ, ойын алаңы, скейтбординг және шатырлар салынған. Құрылыс жұмыстары бүгінгі күні 95 пайызға аяқталған. Ал «Парасат» саябағының құрылыс және абаттандыру жұмыстары 90 пайызға аяқталып отыр. Саябақтың іші ретке келтіріліп, жаңа көшеттермен толықтырылған. Жалпы қала басшылығы «қос саябақ та шаһардың туристік әлеуетін көтеріп, жасыл алқабының ұлғаюына үлес қосады» деп отыр.
Сондай-ақ аймақ басшысы Дархан Сатыбалды бұдан бөлек облыс орталығында салынып жатқан нысандарды аралап, алда жүзеге асатын жобалармен танысты. Алдымен қалалық Мәдениет үйінің құрылысын көрді. Нысанды алдағы жылы тапсыру жоспарланған. Өңір басшысы мердігерге жұмысты сапалы атқару керектігін ескертті. «Анықталған кемшіліктер мен сын-ескертпелер бойынша жұмыс жүргізіңіздер. Тапсырыс алған соң оны сапалы атқару керек. Мәдениет үйінің іші мен қасбетіне дейін жоспардағыдай болуы қадағаланады. Жиһаздарын жергілікті өндірушілерден алып, отандық өндіріске қолдау көрсеткен жөн, – деген Дархан Сатыбалды бірқатар ескертпелері мен ұсыныстарын айтты. Тиісті тапсырмалар берді.
Бүгінде Мәдениет үйінің құрылыс барысы 75 пайызға аяқталған. Түркістан қаласының құрылыс бөлімінің тапсырысымен салынып жатқан нысанда мәдениетті дамытуға жағдай жасалмақ. Ғимаратта 500 орындық көрермен залы, вестбюль-фойе, әртістер бөлмесі, қызметшілер бөлмесі, асхана, режиссер, суретші, киім өлшеу, мекеме әкімшілігінің бөлмелері қарастырылған. Өнерпаздардың дайындық залы да орналасқан.
Одан кейін облыс әкіміне «Сельмаг» су жинау қоймасының құрылыс барысы таныстырылды. Өткен жылы басталған жұмыстар биыл аяқталады. Бұл стратегиялық нысан заманауи құрал-жабдықтармен, қондырғылармен қамтылған. Суды тазартып, тұрғындарға жолдайды. Апаттық жағдайлар кезінде қаланың ескі аумағына үздіксіз су береді және жаз айларында ауыз су қысымын қалыпты деңгейде ұстап тұрады. Жалпы 25 мыңнан астам тұрғынның ауыз су мәселесін шешеді.
Дархан Сатыбалды Әлқожа ата көшесін аралап, осында салынатын әлеуметтік нысандардың жобасын көрді. Қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы осында атқарылатын жұмыстар мен көгеріштендіру, көріктендіру бойынша жоспарланған жобалар барысымен таныстырды. Жалпы мұнда тұрғын үй, кәсіпкерлік және әлеуметтік нысандар салынады деп жоспарланған.
Аймақ басшысы бұл жобаларды мұқият зерделеп, халыққа қажетті әрі шаһардың сәулетіне сән қосатын нысандарды ғана салу керектігін айтты. Жауаптыларға тиісті тапсырмалар берді.