Сарыағаш ауданы Қабыланбек ауылдық округінде атқарылған жұмыс көп
Сарыағаш ауданында Президенттің тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан жобалар аз емес. Соның қатарында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқавтың жолдауында көтерілген «Жайлы мектеп», «Ауыл – ел бесігі» жобалары мен инфрақұрылымды жаңғырту бағдары.
Аудан әкімі Арман Абдуллаевтың айтуынша, бүгінгі күні Қанағат елді мекенінде «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында 150 орындық мәдениет үйі мен кітапхананың құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Бүгінгі күні жоба аясында құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан компания нысанының ішкі күрделі сылақ жұмыстары аяқтап, сыртқы әрлеу жұмыстарын жүргізуде. Сонымен бірге сыртқы инфрақұрылымы қоса жүргізілуде. Бұдан бөлек, нысанға кіре-беріс баспалдақтарына бетон құю, сыртқы қоршау жұмыстары жүргізілген. Қазіргі таңда, ішкі әрлеу жұмыстары, акт залының сахнасын және нысанның құрал жабдықтарын орнату жұмыстары жалғасын табуда.
Құрылыс алаңында болған аудан басшысы Арман Абдуллаев атқарылып жатқан құрылыс жұмыстарын бақылай отырып, мердігер мекеме өкіліне бірқатар ескертулер айтып, ауданның құрылыс және сәулет қала құрылысы бөлімінің басшысы Е. Қосмұратовқа қадағалауды тапсырды. Сондай-ақ аудан әкімі Қабланбек ауылдық округі арқылы өтетін облыстық маңызы бар КХ-50 «Дербісек-Сарыағаш» автомобиль жолының 15+050 шақырымында жүргізіліп жатқан көпірдің күрделі жөндеу жұмыстарының барысымен де танысқан болатын. Көпірдің жөндеу жұмыстары мердігер мекеме тарапынан, демонтаждау, қадаларды қағу және бетон құю жұмыстары жүргізілген. Көпірдің жалпы ұзындығы 24 метрді құрайды. Аудан басшысы бірнеше елді мекендерді байланыстыратын маңызды көпір болғандықтан, құрылыс компаниясының өкілдеріне құрылыс материалдарының сапасына айрықша мән беруді тапсырды.
Ал Қызылжар ауылдық округіне жасаған жұмыс сапары барысында Жаскешу елді мекеніндегі 900 орындық «Жайлы мектептің» құрылыс жұмысының барысын көрді. Қазіргі таңда, нысанның ішкі әрлеу, шатырының жабу жұмыстары жалғасын табуда. Нысанның сыртқы қоршауларына бетон құю, сыртқы жер бедерін тегістеу, сыртқы кәріз және су, жылу жүйелерін тарту жұмыстары атқарылуда. Жалпы құрылыс алаңында 104 адам жұмыс істеуде. Құрылыс жұмыстарының басында болған аудан әкімі бүгінгі күнге дейін атқарылған құрылыс жұмыстарының жағдайын саралай отырып, жауапты мердігер басшысына алдағы уақытта да құрылыс жұмыстарын өзі келіп бақылап тұратынын жеткізді.
Ауданда спорт нысандарының саны артып келеді. Сондай спорт нысандарының бірі Қызылжар елді мекенінде бой көтеруде. Осы орайда, аудан әкімі Арман Абдуллаев Қызылжар елді мекеніндегі балалар ойын алаңшасының құрылыс жұмыстарының барысын пысықтады. Жалпы алаңы 200 шақырымды құрайтын балалар ойын алаңшасының құрылыс жұмыстарын «СарыҮйсін» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізілуде. Қазіргі таңда, алаңды бетондау жұмыстары аяқталып, орындықтармен жарықшамдарды орнату жұмыстары атқарылуда.
- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын іске асыру аясында, кеше Қызылжар ауылдық округіндегі тұрғындармен кездесіп, талап-тілектерін тыңдадым. Кездесу барысында ауылдық округте алдыңғы кездесулерде тұрғындар тарапынан айтылған мәселелер бойынша атқарылған жұмыстардың нәтижесін баян еттім. Бүгінде Қызылжар және Жаскешу елді мекендерінде 11 көшенің 7,4 шақырымдық жолдары орта жөндеуден өткізіліп, Қызылжар елді мекеніндегі Т.Балабеков көшесіне 460 метр аяқжол салынды. Сонымен қатар, Ахмет би көшесіне ұзындығы 732 метр суағарлар жүйесі орнатылып, орталық көшенің арық-атыздары тазаланды және жаңадан тансформатор қондырғысы орнатылды. Жаскешу елді мекенінде «Жайлы мектеп» ұлттық пилоттық жобасы аясында 900 орындық мектептің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Аталған елді мекенде салауатты өмір салтын қалыптастырып, бұқаралық спортты дамыту мақсатында ойын мен варкаут алаңшасының құрылысы жүргізіліп, тұрғындар игілігіне пайдалануға берілді. Осының барлығының құрылыс жұмысымен кездесу алдында танысып шығып, халыққа атқарылған жұмыстың нәтижесін баяндап, басқа да өтініш-тілектеріне құлақ қойып, жазып алдым, - дейді аудан басшысы.