Сарыағаш ауданында тұрғындар көтерген мәселелер оң шешімін табуда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында әкімдердің беделі халықпен тығыз қарым-қатынаста болған кезде орнайтынын айтқан болатын. «Аймақ басшысы шаруашылықпен ғана айналыспайды.
Әкім қоғамдық, рухани мәселелерді әрдайым назарда ұстауға тиіс. Әрбір басшы елмен етене жұмыс істеуі керек, тұрғындармен сенімді байланыс орнатуы қажет. Сонда жұрт та оның бастамаларын қолдайды, ел үшін пайдалы іске жұмыла кіріседі. Әкімнің абырой-беделі дегеніміз де – осы», - дейді Президент Жолдауында. Яғни, әкімдерге жүктелер жүктің бірі халықтың талап-тілегін тыңдап, бірлесе жұмыс істеу. Бұл үдеден Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев те шығып келеді.
Аудан әкімі Арман Абдуллаев Президенттің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» атты тұжырымдамасы аясында халықпен кездесу жиындарын өткізуді бастап кетті. Жуырда аудан басшысы Әлімтау мен Қабланбек ауылдық округінде болып, округ тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында аудан басшысы алдыңғы кездесулерде тұрғындар тарапынан айтылған мәселелер бойынша арнайы жол картасы дайындалғанын айтты. Осы ретте, жол картасына енгізілген мәселелердің атқарылғанын және орындалу барысын баяндады. Аталған жиында аудан басшысы тұрғындармен еркін форматта пікір алмасып, тұрғындар тарапынан ауылдық округтің алдағы әлеуметтік-экономикалық ахуалды дамыту бойынша дайындалған жол картасына енгізуге ұсыныстарды тыңдады.
Әлімтау ауылдық округ тұрғындарын таза ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында Тасқұдық елді мекенінде ұңғыма су құдығын қазу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, аталған елді мекеннің электр желісі мен бағаналары ауыстырылып, пайдалануға берілді. Жол мәселесіне қатысты ауылдық округке қарасты бір көшеге шағал төселініп, тағы бір көшеге аяқжол салынды. Әлімтау елді мекенінің мәдениет үйінің жылу жүйелері жаңартылды. Сонымен қатар, қазіргі таңда Әлімтау ауылдық округін табиғи газбен қамтамасыз ету үшін Шардара ауданы «Ұзыната» АГРС- нен газ тарту жұмыстарының жобасы мердігер мекеме тарапынан жүзеге асырылуда. Мұндағы жиын соңында ауылдық округ тұрғындары ауыл игілігі үшін атқарылып жатқан жұмыстар бойынша аудан басшысына оң бағасын берді.
Ал Қабланбек ауылдық округінде өткен кездесуде аудан басшысы өңір экономикасын нығайту, тұрғындардың тұрмыстық деңгейін жақсарту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Аудан әкімінің айтуынша, Қабланбек ауылдық округ тұрғындары тарапынан айтылған мәселелер арнайы жұмыс жоспары бекітіліп, кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Мәселен, Қанағат елді мекенінде «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында бой көтеріп жатқан 150 орындық мәдениет үйі мен кітапхананың құрылыс жұмыстары, сонымен қатар футбол алаңшасын салу үшін тиісті құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Тасқұлақ елді мекенінде орналасқан №52 М.Өтемісұлы атындағы жалпы орта мектебі мердігер мекеме «Қазыбеков» жеке кәсіпкерлігі тарапынан ғимараттың сыртқы қас бетін қаптау жұмыстары жүргізіліп, Қабланбек елді мекені А.Валиев көшесіндегі балалар алаңшасы және воркаут пайдалануға берілді», - дейді аудан әкімі.
Сондай-ақ ауылдық округке қарасты Ақниет, Жонарық және Қанағат елді мекендерін таза ауыз сумен қамтамасыз ету үшін құрылыс жұмыстары аяқталып, 878 тұрғын үй, яғни үш елді мекеннің 7 мыңнан аса тұрғындары таза ауыз сумен қамтылған. Сонымен қатар, аталған елді мекендеріндегі жалпы ұзындығы 5,8 шақырымды құрайтын ішкі көше жолдарын орта жөндеуден өткізу үшін аудандық бюджеттен қаржы бөлініп, шағал төсеу жұмыстары жүргізілген.
- Президент Жолдауында айтқандай ауданда инфрақұрылым жүйелерін жаңғыртуға да тиісті көңіл бөлініп келеді. Мәселен, Қабланбек ауылдық округінде инфрақұрылым сала бойынша мәселелер өз шешімін табуда. Осы ретте, Ташқұлақ елді мекенінде орналасқан қосымша су айдау насос станциясы жаңадан салынып, су құбырларын және су сүзгілерін жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Оған қоса, Жонарық елді мекеніндегі 3 көше табиғи газбен қамтылды. Жол мәселесі бойынша Жонарық елді мекеніндегі КХ-52 Достық көшесіне орта жөндеу жұмыстары жүргізіліп, аяқжол салынды. Тасқұлақ елді мекеніндегі 2 көшеге орта жөндеу жұмыстары жүргізіліп, Тың елді мекенінің Ырысты көшесіне жарық шамдары орнатылды. Қабланбек ауылдық округі арқылы өтетін облыстық маңызы бар КХ-50 «Дербісек-Сарыағаш» автомобиль жолының 15+050 шақырымында жүргізіліп жатқан көпір күрделі жөндеуден өтуде. Ауылдық округке қарасты 2 көшеге орта жөндеу жұмыстары жүргізілген. Сондай-ақ, 5 көшеге орта жөндеуден, Қабланбек елді мекеніндегі Балдаурен көшесіне аяқжол салу жұмыстары жүрігізілуде. Бұдан бөлек, ауылдық округ аумағынан өтетін «Қожахан», «Сұрым» және «Қасым» төмен каналдары механикалық тазалаудан өткізілді, - дейді аудан әкімі.
Кездесу соңында аудан әкімі Арман Абдуллаев тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, заң аясында жауап берді.