Сарыағаш ауданында қос фельдшерлік акушерлік пунктінің құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын
Президенттің Жолдауда басымдық берген саласының бірі денсаулық саласы. Мемлекет басшысы өз кезегінде еліміздегі денсаулық сақтау саласын дамыту үшін мемлекеттік-жекеменшік әріптeстік тетіктері арқылы ресурстарды белсенді тарту қажеттігін айтты.
Осы бағытта Сарыағаш ауданында қолға алынған жұмыстар аз емес. Соның бірі – бүгінгі күні Әлімтау ауылдық округне қарасты Шымырбай елді мекенінде салынып жатқан фельдшерлік акушерлік пункті.
Аудан әкімі Арман Абдуллаев Әлімтау ауылдық округ тұрғындарымен кездесуден кейін Шымырбай елді мекеніндегі фельдшерлік акушерлік пунктінің құрылыс жұмыстарымен танысқан болатын.
- Президентіміз Жолдауында денсаулық саласын дамыту, мәндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің енгізілуі тағы басқа да медицинаға қатысты мәселелерді шешуді тапсырған болатын. Бүгінде аудан аумағында халықтың денсаулығын арттыру, медицинаға қол жетімділігін арттыру мақсатында көптеген құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Әсіресе, ауыл тұрғындарының денсаулығын жақсарту мақсатында фельдшерлік-акушерлік пунктің құрылыс жұмысы басты назарда. Нысанның құрылысы аяқталған соң Шымырбай елді мекеніндегі тұрғындар қажетті медициналық көмекті уақытылы және қолайлы жағдайда ала алады. Сондықтан, жауапты мекеме өкіліне және бөлім басшысына сапалы жүргізуі қажет екендігі тапсырылды, - деді аудан басшысы.
«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында бастау алған Шымырбай елді мекеніндегі фельдшерлік-акушерлік пункт ғимаратының есіктері толығымен орнатылып, кафельдері төселген. Кәріз септигі қазылып, асфальт жамылғысы төселген. Құрылыс жұмыстарына жалпы 12 жұмысшы жұмылдырылған.
Сондай-ақ аудан басшысы Жылға елді мекенінде аталған жоба аясында дәрігерлік амбулаторияның құрылысына жауапты мердігер мекеме өкілімен кездесіп, бастау алған құрылыс жұмыстарын бақылады. Қазіргі таңда, нысанның ішкі құрылыс жұмыстары жалғасуда. Атап айтқанда, қабырғасы әрленіп, бөлмелерге кафельдер төселуде және ішкі есіктер орнатылуда.
Құрылыс жұмыстарының басында болған аудан басшысы бүгінгі күнге дейін атқарылған құрылыс жұмыстарының жағдайын саралай отырып, жауапты мердігер мекеме басшысына алдағы уақытта да құрылыс жұмыстарының барысын тұрақты түрде өзі келіп қадағалап тұратынын атап өтті.