Түркістан облысында 78 елді мекен сапалы энергия қуат көзімен қамтылған

Oinet.kz 05-10-2024 19

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: құқық тәртібі, экономикалық өрлеу, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында инфрақұрылымға қатысты өзекті мәселелерді шешуді тапсырды.

Screenshot_66.jpg

«Бұл жұмыс, ең алдымен, энергетика және коммуналдық шаруашылық саласында жүргізілуге тиіс. Қазір энергия өндіретін жаңа нысандар салу үшін берілетін несие шарттарын қолайлы деп айта алмаймыз. Сондықтан Үкімет қаржы институттары арқылы ұзақ мерзімге арналған қолжетімді несие беру жолдарын ойластыруға тиіс. Мемлекеттің ұзақ уақытқа арналған нақты тариф саясаты, яғни тиісті жоспары болуы керек. Бұл – осы салаға «ұзақ мерзімге инвестиция тартудың» негізгі шарты. Алайда тұтынушыларға арналған тарифтің орынсыз өсуіне жол беруге болмайды. Энергетика және коммуналдық шаруашылық саласын жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны жыл соңына дейін бекіту керек. Коммуналдық ресурстарды үнемдеу мәдениетін қалыптастыру – өте өзекті мәселе», - деп атап өтті. Президент тапсырмасына орай Түркістан облысында энергия қуатымен қамту жұмыстары облыстың даму жоспарына сәйкес атқарылуда. 

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасовтың айтуынша, Түркістан облысында биыл 59 нысанды электрмен қамтамасыз ету құрылысына бюджет есебінен жалпы 5,8 миллиард теңге қаралып, (62 елді мекен, 4 қосалқы станса) құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жыл қорытындысы бойынша 34 нысанның (40 елді мекен, 47 мың халық) құрылысын аяқтау жоспарланған. Ал, қалған 25 нысанның (22 елді мекен, 27,7 мың халық) құрылысы 2025 жылға өтпелі.

Осы жылдың қыркүйек айында Түркістан қаласындағы 110 киловаттық «Солтүстік» қосалқы стансасы пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін Келес ауданындағы 220 киловаттық «Қызыләскер» екі 110 киловатт электр желісін, Төле би ауданында 110 киловатық «Алатау» қосалқы стансасының құрылысын аяқтап, пайдалануға тапсыру жоспарда бар. Сонымен қатар Түркістан қаласы аумағында 110/10 киловатық «Сауран», «Нұртас» қосалқы стансаларының құрылысы нысандарына жобалау-сметалық құжаттамалары әзірленуде.

- Облыс аумағында электр желілерінің басым көпшілігі аумақтық жүйеаралық компания «Оңтүстік Жарық Транзит» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің теңгерімінде 222 дана – 110-35 киловаттық қосалқы стансалары, 4 896 дана – 10-6/0,4 киловатық трансформатор қондырғылары, 4 279,3 шақырым – 110-35 киловаттық және 16 426,9 шақырым – 10-0,4 киловатық электр желілері бар. Қазіргі таңда облыстағы қосалқы станса жабдықтары мен әуе желілерінің орташа физикалық тозу деңгейі 57,3 пайызды құрап отыр. Электр желілерінің физикалық тозу деңгейін төмендету мақсатында «Оңтүстік Жарық Транзит» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің инвестициялық бағдарламасы шеңберінде жыл сайын жаңғырту жұмыстары атқарылуда, - дейді ол.

«Оңтүстік Жарық Транзит» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің  2023-2027 жылдар аралығына арналған инвестициялық бағдарламасына сәйкес 13 дана – 110 киловатық қосалқы станса, 16 дана – 35 киловаттық қосалқы станса, 148,6 шақырым – 110-35 киловатық электр желісі, 414 дана – 10/04 киловаттық трансформатор қондырғысы, 1 207,9 шақырым – 6-10/04 киловатық электр желісі (соның ішінде: 6-10 кВ – 420,545 шақырым, 0,4 кВ – 779,618 шақырым) қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Өткен жылы 3 дана – 110 киловаттық қосалқы станса, 3 дана 35 киловатық қосалқы станса, 58,3 шақырым – 110-35 киловаттық электр желілері, 64 дана – 10/04 киловатық трансформатор қондырғылар, 236 шақырым – 6-10/04 киловатық электр желілеріне (соның ішінде: 6-10 кВ – 88,3 шқ., 0,4 кВ – 146,1 шқ.) қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілген болатын.

Биыл 1 дана – 110 киловаттық қосалқы станса, 1 дана 35 киловаттық қосалқы станса, 6,2 шақырым – 110-35 киловаттық электр желісі, 81 дана – 10/04 киловаттық трансформатор қондырғысы, 234,6 шақырым – 6-10/04 киловаттық электр желілері (соның ішінде: 6-10 кВ – 88,152 шқ., 0,4 кВ – 145,303 шқ.) қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Өткен жылы 40 елді мекен сапалы электр қуатымен қамтылды. Биыл қосымша 38 елді мекен қосылады. 

- Президент Жолдауында айтылған халықты инфрақұрылыммен қамту жұмыстары кезең-кезеңмен шешімін тауып келеді. Электр энергиясынан бөлек көгілдір отынмен қамту жұмыстары да өз шешімін табуда. Жалпы өңірде ұзақ жылдар бойы өзекті болып келген бірнеше мәселе шешімін тапты. Соңғы 10 жыл аралығында құрылысы жүргізіліп, іске қосылмаған 46 табиғи газ нысаны болатын. Өткен жылдың қорытындысы бойынша оның 44-і іске қосылды. Тиісті жұмыстарды жүргізу есебінен екі жылда 144 мың халық тұратын 54 елді мекен газға қосылып, көгілдір отынның игілігін көруде. Бұдан бөлек, биыл 54 нысанның құрылысы аяқталып, қосымша 47 елді мекен табиғи газға қосылуға мүмкіндік алады. Соның нәтижесінде, «көгілдір отынмен» қамтылған елді мекендер саны 557-ге жетіп, қамту деңгейі 67,2 пайызды құрады, - дейді облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов.

Сайрам ауданында «Таза Қазақстан» акциясы аясында 12900 түп көшет отырғызылды
Түркістан облысында 2027 жылға дейін жүзеге асатын 145 инвест жобаның пулы қалыптасқан
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу