Түркістан облысында 2027 жылға дейін жүзеге асатын 145 инвест жобаның пулы қалыптасқан

Oinet.kz 05-10-2024 18

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында да кәсіпкерлерге жасалатын жеңілдіктерді арттырып, кедергілерді азайтуды тапсырды. «Әр кәсіпкер қолдаудың қандай түрі бар екенін және оған қалай қол жеткізе алатынын еш қиындықсыз біліп отыруы қажет.
Screenshot_67.jpg

Сонда шағын бизнес орта бизнес санатына өтуге мүдделі болады. Бізде қазір қолдау шараларының 100-ден астам түрі бар. Бұдан білікті маманның өзі шатасуы мүмкін. Сондықтан мемлекеттік қолдау шараларының қаншалықты тиімді екенін мұқият тексеріп шығу керек. Ұсынылатын жеңілдіктердің бизнес өкілдеріне түсінікті бірыңғай тізімін әзірлеу қажет. Шағын және орта бизнесті дамыту үшін финтех тәсілдерін пайдалануға болады, бұл мәселе бойынша тиісті ұсыныстар бар», - дейді Президент Жолдауында. Мемлекет басшысы айтқандай, Түркістан қаласында кәсіпкерлік сала жақсы даму үстінде. Әсіресе шетелдік инвесторларды тартып облыс өндірісін өркендету мақсатында түрлі іс-шаралар өткізілуде. соның бірі жақында Түркі әлемінің туристік астанасында «TURKISTAN INVESTMENT AND TOURISM FORUM – 2024» халықаралық инвестициялық форум өтіп, өз жұмысын табысты аяқтады. 

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасовтың айтуынша,

Форум аясында жалпы құны 301 миллиард теңгеден асатын 35 ынтымақтастық меморандумына қол қойылды. Бұл келісім аясында өңірде жаңа жобалар жүзеге асырылмақ. Айта кетейік, форум бизнес пен инвесторлар үшін жаңа мүмкіндіктер ашып, Түркістан облысының халықаралық ынтымақтастықтағы стратегиялық маңыздылығын көрсетеді.

- Президентіміз инвесторлар тарта отырып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын қалыптастыруды тапсырған болатын халыққа арнаған Жолдауында. Жалпы Түркістан облысында 2027 жылға дейін жүзеге асатын 145 инвест жобаның пулы қалыптасқан. Бұл жобалар 17 мың жаңа жұмыс орнын ашып, өзіндік кірісті қосымша 100 миллиард теңгеге ұлғайтуға мүмкіндік береді деп күтілуде. Сондай-ақ өңірде 594 гектарды құрайтын 10 индустриалды аймақ және 580 гектардан тұратын арнайы экономикалық аймақтар бар. Онда 49 кәсіпорын жұмыс істейді. Қосымша 39 жобаның құрылысы жүргізіліп жатыр. Айта кетейік, Түркістанда қазір өңірдің бар әлеуетін пайдаланып, дайын өнім шығаруға басымдық берілген. Осы мақсатта және өңірге инвестиция тарту жұмыстарын күшейту үшін аудан және қала әкімдіктері, бизнес өкілдерімен бірлесе Қытай Халық Республикасына іс-сапарлар ұйымдастырылды. Оның нәтижесінде Қытай Халық Республикасының жаңа технологиясы және қытайлық инвесторлардың капиталымен бірқатар жобалар бастау алды. Ал өңір экономикасына шамамен 1,2 триллион теңге инвестиция бағытталады. Ірі жобалардың қатарында текстиль кластерін құру, күн және жел электростанциясының құрылысы сияқты ірі жобалар бар, - дейді облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов.

Кешегі өткен халықаралық форум дәл осы сапарлардың ресми жалғасына айналып, мемлекет пен бизнес арасындағы өзара диалогтың маңызды алаңы болып отыр. Форумдағы келісімдер арқылы Түркістан облысында түрлі бағытта маңызды жобалар жүзеге асып, өндіріс орындары көбеймек.

«Өздеріңіз жақсы білесіздер, бүгінгі күні өңірге инвестиция тарту, екі жақты сауда мен экономикалық ынтымақтастықты арттыру және жергілікті кәсіпкерлермен тәжірибие алмасу бағытында жуырда саурандық делегация Қытай Халық Республикасында болып қайтты. Облыс кәсіпкерлер Қытайдың Чыңду ауданы, Шиньжин қаласында орналасқан «СITICO» өндірістік зауытының жұмысымен танысты. Онда зауыттың әлеуеті таныстырылып, барлық мәліметер ұсынылды. Әлем бойынша ең табысы мол бизнестің түрі болып табылатын балық шаруашылығына қажетті өнімдер өндірілуде. Атап өтетін болсақ, зауытта 60-тан астам балық жемдерін әзірлеуде. Аталмыш нысанның қуаттылығы жылына 500 мың тонна балық жемдерін өндіреді. Ішкі нарықта сұраныс жоғары болғандықтан өнімдерін импорттаумен қатар, шет ел мемлекеттеріне де эспорттауда. Делегация тарапынан, компанияның дайын өнімдерін шығару бойынша жұмыстарымен тәжірибие алмасты. Балық өнімдерін өндірумен айналысуға ниетті бизнес өкілдеріне компанияның қолданып жатқан жабдықтарының тиімділігі мен жабдықтардың технологиясы бойынша ақпараттарымен бөлісті. Ол облысымыздың көптеген кәсіпкеріне ой салғаны анық», - дейді облыс әкімінің бірінші орынбасары. 

Түркістан облысында 78 елді мекен сапалы энергия қуат көзімен қамтылған
Келес пен Саурандық бизнес өкілдері өзара тәжірибе алмасты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу