Жетісай ауданында «Таза Қазақстан» акциясы аясында 8 мың түп тал-дарақ отырғызылды

Oinet.kz 03-10-2024 13

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында «Таза Қазақстан» акциясының маңыздылығына тоқталды. «Баршаңызға мәлім, елімізде көктемнен бері «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы жүріп жатыр. 

Screenshot_61.jpg

Бұл – тұтас халықты ұйыстырған берекелі бастама. «Таза Қазақстан» шарасына бірнеше айдың ішінде 3 миллионға жуық азамат атсалысты. Жүздеген мың үйдің ауласы тазартылды, 1 миллион тоннадан астам қоқыс жиналды. Осындай игі шаралардың арқасында қоғамда жаңа мәдениет, жаңа қоғамдық этика орнығып келеді. Мұны туған елге деген сүйіспеншілік, жанашырлық деуге болады. Ұлттың жаңа сапасы осындай нақты шаралар арқылы қалыптасады. Бұл – уақытша науқан емес. Осы маңызды жоба жыл бойы жалғаса беруге тиіс. Себебі, шынын айтқанда, кейбір санасыз азаматтарымыз табиғатты, көшелерді әлі де ластап жатыр. Осындай адамдардың әрекетіне заң бойынша тосқауыл қою керек. Бір сөзбен, қоршаған ортаның тазалығы әркімнің күнделікті дағдысына айналуы қажет», - деп айтқан Президент «Таза Қазақстанның» аймақтарда сапалы жүзеге асуына әкімдер тікелей жауапты екенін ескертті. Осы ретте Жетісай аудан әкімдігі тарапынан ұйымдастырылып жатқан тазалық акциясы ауданның көркеюіне өз үлесін қосуда. 

 Мәселен, өткен аптада Жетісай ауданының әкімі Серік Мамытовтың тапсырмасына сәйкес қала, кент, ауылдық округтерде 2 мың адамның қатысуымен санитарлық тазалық пен жол бойындағы ағаштарды әктеп, бұтау, көшет отырғызу сынды ретке келтіру жұмыстары жүргізіліп, ауқымды сенбілік өтті.

- «Таза Қазақстан» акциясы аясында ауданда атқарылып жатқан тазалық жұмыстары өз нәтижесін беруде. Бүгінде жол бойы, арық-атыздар мен тоғандар күл-қоқыстан аршылып, аулалар аьаттандырылуда. Жалпы Түркістан облысының елді мекендерін көгалдандырудың 2022-2024 жылдарға арналған іс шара жоспарына сәйкес Жетісай  ауданы бойынша 28,15 гектар аумаққа биыл 23 730 түп ағаш көшетін отырғызу жоспарланса, келесі жылы тағы 25 мыңға жуық түрлі декоративті ағаштарды көшеттерін  отырғызу жоспарланып отыр. Бүгін аталмыш көшеттердің 8 мың түбі саябақтар мен аллеяларға, көше бойы мен мекеме айналасына отырғызылды. Елді мекен ішілік жолдардың бойлары тазартылып, жасыл желеңге айналдыру мақсатында отырғызылған көшеттерді күтіп-баптау жұмыстары тұрғындарға түсіндірілді,  -дейді аудан әкімі.

Бүгінгі күні аудан көркіне ерекше басымдық берілген. Мемлекет басшысының тапсырмасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» акциясы аясында да көп жұмыстар атқарылды. Акция аясында аулалар абаттандырылып, балалар ойын алаңшалары салынды. Жалпы биыл ауданды абаттандыру және санитарлық-тазарту жұмыстарынаына жастар көп араласқан.

«Көгалдандыру, тал егіп, оны күтіп-баптау баршамызға ортақ іс болуы тиіс. Өйткені, бүгінгі біздің еккен ағаштарымызды болашақта біздің ұрпағымыз саялайтын болады. Аудан тұрғындарын жаппай көшет отырғызып, тазалық жұмыстарын жүргізуге шақырамыз. Тазалық – бірінші кезекте өз денсаулығымызды сақтауға септігін тигізсе, көшет отырғызу – жасыл белдеу қалыптастырудың негізі» дейді аудан басшысы Серік Мамытов.

Айта кететін жәйт, аталмыш көшеттерге жергілікті қазынадан қаржы қаралмаған. Демеушілер мен аудан аумағындағы көшет-бақ саябақтарынан алынып отыр.

Ордабасы ауданында ауыл шаруашылығы саласында атқарылған жұмыс нәтижесі қорытындыланды
Түркістан облысында ауруханалар салу жұмысы жалғасуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу