Кентау қаласында көпқабатты тұрғын үйлер модернизациядан өткізілуде
Тұрғын үй құрылысы бойынша елімізде көп жұмыс атқарылуда. Бүгінге дейін осы бағытта бірнеше бағдарлама мен жобалар да қабылданған болатын. Баспана мәселесі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жыл сайынғы Жолдауында көтеріліп, айтылып та келеді. Биылғы
Жолдауында Призедент инфрақұрылым жүйесін жаңғырта отырып тұрғындардың жайлы өмір сүруі үшін бар құрылыс дұмысын жандандыруды тапсырған болатын. Соның ішінде таза ауыз су, газ, жол мен тұрғын үй де бар.
Кентау қаласы әкімінің орынбасары Нұрбол Нұралыұлының айтуынша, Кентау қаласында 376 көпқабатты тұрғын үй бар. Оның 344-і қалада, 34-і ауылда орналасқан.
- Президентіміз Жолдауында халықтың жайлы өмірін жақсарту үшін алдымызға нақты міндеттер мен атқаратын жұмыс бағытын айқындап берді. Соның бірі монақала тұрғындарын баспанамен қамту. Бұл бағытта қолға алынған жұмыстар баршылық. Оның бәрі Президентіміздің тапсырмасымен елімізде жүщеге асырылып жатқан «Нұрлы жол», «7-20-25» және басқа да бағдарламалар мен жобалардың аясында іске асырылуда. Мәселен, 2014 жылы Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011 - 2020 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында 9 көпқабатты тұрғын үйдің шатырлары күрделі жөндеуден өтті. 2017 жылы «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» аясында 35 көпқабатты тұрғын үй күрделі жөндеуден өткізілді.
Әр жыл сайын қалада кезең кезегімен «Тұрғын үй-коммуналдық дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған Нұрлы жер мемлекеттік бағдарламасы» аясында көпқабатты тұрғын үйлер күрделі жөндеуден өткізіліп келеді, -дейді ол.
Жалпы, бүгінгі таңға шаһарда 266 көпқабатты тұрғын үйдің шатыры, кіреберістері, қасбеті, жертөледегі инженерлік жүйелері толығымен жаңғыртылған. Биыл қалған 38 көпқабатты тұрғын үйде күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қажетті қаржы қаралып, бүгінгі таңға аталған көпқабатты тұрғын үйлерде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.