Қазығұрт ауданында еңбек озаттары ескерусіз қалмады

Oinet.kz 01-10-2024 13

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында ауыл шаруашылығы саласын дамытуға, агроөнеркәсіп құрылымдарын несиемен қамту шараларын арттыруға тапсырма берді.

Screenshot_55.jpg

Президент тапсырмасы Қазығұрт ауданында талапқа сай орындалуда. Биыл аудан тұрғындары 93.9 гектар алқапқа ауыл шаруашылығы дақылдарын орналастырып одан мол өнім жинады. 

Аудан әкімі Азизхан Исмаиловтың айтуынша, биыл аудан бойынша 93,9 мың гектар алқапқа орналастырылған ауыл шаруашылығы дақылдарының 52,6 гектары бидай болса, оның әр гектарынан  орташа 25,7 центнерден өнім жиналған. Жалпы қамбаға құйылған астық 135,1 мың тоннаға жеткен. Ауданның ауыл шаруашылығы нақты көлем индексі 109,6 пайызға жетіп, өнім көлемі 52,1 миллиард теңгені құрады. басқа ауыл шаруашылығы дақылдарынан да мол өнім жиналған.

- Президентіміз Жолдауында ауыл шаруашылығы өнімділігін арттыру, ауыл шаруашылығы өнімін өңдеу кәсіпорындарының жұмысын жандандыру үшін несие беру жүйесін дамытуды тапсырды. Ауданда ауыл шаруашылығы құрылымдарының мүмкіндігін арттыру мақсатында қаржылық ұйымдар тарапынан жеңілдетілген несиелер берілді. Соның арқасында жеміс-жидек, көкөніс өсіру, жылыжайлар көлемін арттыру бағытында да елеулі жұмыстар атқарылды. Сондай-ақ ауданымызда егін шаруашылығымен қатар мал шаруашылығын дамытуға да ерекше көңіл бөлініп келеді. Бұл саладағы арнайы мемлекеттік бағдарламалар бойынша аудан малшылары мал тұқымын асылдандыру, төлін көбейту және өнімділігін арттыруда жоғары жетістікке жетуде.

Биыл облыс орталығында өткен «Алтын күз» мерекесінің қорытындысы бойынша Қазығұрт ауданы «Агроөнеркәсіп кешенінің көрсеткіштерін орындаудан Озат аудан» номинациясы бойынша жүлделі 2-ші орын және «Астық өндіру» номинациясы бойынша жүлделі 1 орын алды, - дейді аудан әкімі.

Күз маусымы дала еңбеккерлерінің мерейі тасып, абыройы асқақтайтын кезең. Себебі, барша диқандар жерді игеріп, бидай, арпа, мақсары және тағы басқа өнімдерді ысырапсыз жинап алып, ел қамбасын астыққа толтырады. Жылдағы дәстүр бойынша Қазығұрт ауданында ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің дәстүрлі «Алтын күз – 2024» мерекесі өтті. Айтулы мерекеге қатысқан аудан әкімі Азизхан Исмаилов барша аудан тұрғындары мен қонақтарын, осы салада жүрген азаматтарды, ардагерлерді және еңбек адамдарын құттықтап, ауданымыздың ауыл шаруашылығы саласының дамуына үлкен үлес қосып жүрген бірқатар кәсіпкерлер мен еңбеккерлерді марапаттады. Сондай-ақ, «Үшбастау» өндірістік кооперативінің басшысы Арын Қалшабековке ауыл шаруашылығында көп жылдық жемісті еңбегі үшін Ауыл шаруашылығы министрінің «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісін, аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің сектор меңгерушісі Марат Жолдасовқа ауылшаруашылығында көп жылдық жемісті еңбегі үшін Ауыл шаруашылығы министрінің «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісін табыстады. Ал, Сарапхана ауыл округіне қарасты «Көрік» ШҚ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы Асхат Байжанов «Өсімдік өнімін қайта өңдеуден озат» деп танылып, облыс әкімінің «Құрмет грамотасымен», Түркістан облысының «Үздік агрономы» деп танылған «Аманкелді» шектеулі серіктестігінің бас агрономы Нұрмаханбет Қанатбек Түркістан облысы әкімінің «Дипломы» және мерекелік статуеткамен марапатталды. Одан бөлек, бірнеше шаруалар мен кәсіпкерлерге аудан үшін атқарған еңбектері үшін аудан әкімінің арнайы дипломдары мен статуэткалары табысталды.

- Ауыл шаруашылығын дамыту – негізгі бағыттың бірі. Осы саладағы ахуал мемлекетіміздің азық-түлік қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді. Біз алдағы кезеңде ауданымыздың ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін арттырып, алға қойған міндеттерді толық орындап шығамыз деген сенімдеміз» - деп атап өтті аудан әкімі. 

Сондай-ақ дала еңбеккерлерінің айтулы мерекесіне орай Қазығұрт ауылының орталық саябағында аудан тұрғындар мен қонақтар үшін арнайы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі мен ауыл шаруашылығы техникаларының көрмесі қойылды. Жәрмеңкеге барлық ауыл округтердің кәсіпкерлері, диқандары ет өнімдерін, дәнді дақылдар, жеміс-жидектер, көкөністер және балл өнімдерін саудаға салды. Мерекелік жәрмеңкені аудан әкімі Азизхан Исмаилов ауыл тұрғындарымен бірге арнайы аралап, ауыл шаруашылығы еңбеккерлерімен сұхбаттасты. 

Мерекелік іс-шара барысында концерттік бағдарламалар мен сахналық қойылымдар көрсетілді.

Түркістан облысында макроэкономикалық көрсеткіштер жақсара түскен
Кентау қаласында көпқабатты тұрғын үйлер модернизациядан өткізілуде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу