Түркістан облысында макроэкономикалық көрсеткіштер жақсара түскен

Oinet.kz 01-10-2024 12

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында өңірлердің өсіп-өркендеуіне жол ашатын құрылыс индустириясын дамыту туралы тапсырма берген болатын.

Screenshot_54.jpg

Осы тұрғыда Түркістан облысында атқарылып жатқан жұмыс аз емес. Қазақстан экономикасы биылғы 9 айдың қорытындысы бойынша оң өсім қарқынын көрсетіп келеді. Атап айтсақ, жалпы ішкі өнімнің нақты өсу деңгейі 4 пайызды құрады. Бұған негізінен ауыл шаруашылығы, өңдеу өнеркәсібі, құрылыс және сауда салаларының арқасында қол жеткізілді. Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында үлкен әлеуетке ие өңірлердің бірі Түркістан облысында да 2024 жылғы үшінші тоқсанның қорытындысы бойынша тұрақты макроэкономикалық жағдай сақталып отыр. 

2024 жылғы ІІІ тоқсанның алдын ала есебіне сәйкес, жалпы өнім өндіріс көлемі 3 709,7 миллиард теңгені, ал қысқа мерзімді экономикалық өсім 110,6 пайызды құрады. Өткен жылдың қорытындысы бойынша республикадағы 20 өңірдің арасында Түркістан облысы жоғары даму дәрежесін көрсеткен болатын. Сонымен қатар облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуында да оң өсім сақталды. Жалпы өңірлік өнім көлемі 4 триллион теңгеден асты. Осы жылдың қорытындысы бойынша экономиканың 6 пайыз өсімін қамтамасыз ету жоспарланып отыр.

Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасовтың айтуынша, облыста құрылыс саласы қарқынды дамуда. Құрылыс жұмыстарының көлемі алдыңғы жылы 407,5 миллиард теңгені құрады. 898,9 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, 3 мыңға жуық отбасы жаңа пәтерге ие болды.

- Президентіміз тапсырғандай құрылыс индустриясында ілгерілеу бар. Атап айтсақ 2024 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында құрылыс жұмыстарының көлемі 320,2 миллиард теңгені немесе өткен жылдың тиісті кезеңіне 132,6 пайызды құрады. Өңірдегі пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы алаңы 788,2 мың шаршы метрді құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 117,7 пайызды құрады. Осы жылдың соңына дейін 500 мыңға жуық шаршы метр 219 көпқабатты үйді тапсыру көзделген. Соның нәтижесінде, кезекте тұрған жалпы 5 мыңға жуық отбасының баспана мәселесі шешілетін болады, - дейді Зұлпыхар Жолдасов.

Түркістан қаласына облыс орталығы мәртебесінің берілуі шаһардың дамуына серпін берді. «Жаңа қала» шағын ауданы пайда болып, онда заманауи көпқабатты тұрғын үй кешендері бой көтеруде. Жаңа тұрғын үй салу кезінде қаланың сәулеттiк келбетін сақтау үшiн құрылысқа қойылатын белгіленген талаптар, яғни, шығыс үлгісінде болуы және биіктігі 7 метрден аспауы қадағаланады. Түркістан қаласында бой көтеретін әрбір құрылыс нысандарының сәулеттік жобасы тұрақты түрде Түркістан қаласының «Сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде келісуден өткізіліп, құрылыс нысандарының сәулеті тұрақты бақылауға алынған. 

Сондай-ақ облыста халық көп тұтынатын азық-түлік бағасының өсуіне жол бермеу шаралары тұрақты қолға алынған. Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасовтың айтуынша, өңірде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына баға индексі соңғы аптада 99,9 пайызды, ал жыл басынан бері 96 паызды құрады. Ал қыркүйек айында инфляция 7,7 пайызды құраған. «Облыс көлемінде бағаны негізсіз өсірмеу, сауда үстемесін асырмау, өндірушіден сауда нүктесіне дейінгі баға тізбегін қарау бойынша делдалдық схемаларды тергеу жөніндегі комиссия жұмыс істейді. Жыл басынан бері комиссияның 81 отырысы өткізілді. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына жататын нарықтың 240 субъектісіне қатысты бағаның өсуіне және бәсекелестікке қарсы іс-қимылдарға байланысты шаралар қабылданды, соның нәтижесінде бағалар қалыпқа келтірілді», - дейді Зұлпыхар Жолдасов.

Өңірде азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында апта сайын арзандатылған бағада жәрмеңкелер өткізіліп жатыр. Сонымен қатар арзандатылған азық-түлік тауарлары қала аумағындағы 50-ден астам супермаркетте және 3 негізгі базарда («Эко базар», «Алтын бұлақ», «Қуаныш») нарықтан 15-20 пайыз төмен бағада өткерілуде. Азық-түлік тауарлары бағаларын қолжетімді ету үшін облыста 36 әлеуметтік дүкен қызмет етеді, қосымша 14 дүкен іске қосылуда. Әлеуметтік дүкендерде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары нарықтан 15-25 пайыз төмен өткеріледі. Облыста тауарлардың бағалары қатаң бақылауға алынған.

Түркістан облысында мүмкіндігі шектеулі және аз қамтылған азаматтарға әлеуметтік жағынан қолдау көрс
Қазығұрт ауданында еңбек озаттары ескерусіз қалмады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу