Түркістан облысында Бұқаралық спортта қолдау бар

Oinet.kz 30-09-2024 13

Бүгінгі күні спорт саласында жеткен жетістіктер аз емес. Биыл Парижде өткен жазғы және паролимпиада ойындарында ел спортшылары жақсы өнер көрсетіп, ел қоржынын алтын мен күміске толтырды. 

Screenshot_52.jpg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің халыққа арнаған Жолдауларында ел ішінде бұқаралық спортты дамытуға көп көңіл бөліп отыр. Осы көңіл бөлудің арқасында ел аумағында көптеп спорт кешендері, ойын алаңдары салынуда. Барлық спорт түрлерін дамытуға мемлекеттік деңгейде көңіл бөлінуде.

«Баршаңызға мәлім, мен бұқаралық спортты дамытуға ерекше мән беріп отырмын. Жастарымыз дені сау, мықты азамат болып өсуі керек. Сондықтан ұлт саулығын сақтау үшін бұқаралық спорттың маңызы айрықша. Жақында мен Олимпиадаға қатысушылармен кездестім, спорттағы нақты міндеттер мен басымдықтарға тоқталдым. Шын мәнінде, бұл саладағы заңнаманы жаңартатын кез келді деп ойлаймын. Заңға енгізілетін өзгертулер бұқаралық спорт пен балалар спортын дамытуға зор серпін береді. Сондай-ақ болашақ жеңімпаздар шоғырын даярлауға жол ашады. Депутаттар осы маңызды заң жобасына айрықша мән бергені жөн деп санаймын», - дейді Президент.

Түркістан облысы денешынықтыру және спорт басқармасының өкілі Қанат Жолдықараевтың айтуынша, Түркістан облысында 100 мемлекеттік меншіктегі спорт мекемесі мен кәсіпорны тіркелген. Онда 29 олимпиадалық, 32 олимпиадалық емес спорт түрі дамытылып, 2 426 жаттықтырушы 60 173 баламен жұмыс істеп жатыр.

- Президентіміз бүгінгі таңда елдегі бұқаралық спортты дамытуға ерекше көңіл бөліп отырғаны белгілі. Осы ретте түркістандық жас спортшылар ел сенімінен шығып, түрлі спорттық шараларда ел қоржынын жүлдемен толтыруда. Атап айтсақ, осы жылдың 9 айдың қорытындысы бойынша медаль саны – 1292 болды. Оның 485-і алтын, 367-і күміс, 440-ы қола. Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда өсім 10,7 пайызды құрады. Биыл ұлттық құрамаға жалпы 616 спортшы қосылды. Ал ІІІ тоқсанында дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын барлық жастағы тұрғындар үлесі 964 798 адамға жетіп, облыстағы жалпы халықтың 44,8 пайызын құрады. Халықтың спортпен жүйелі шұғылдануы және дене шынықтырумен айналысуына жағдай жасау мақсатында 238 спорт әдіскері мен 255 спорт нұсқаушысы штаттық бірліктері енгізілді, - дейді басқарма өкілі.

Бұдан бөлек, облыста бұқаралық спортты дамыту мақсатында 52 бала мен жасөспірімдер спорт мектептерінде спорттың 38 түрі дамытылып, онда 1 687 жаттықтырушы 40 808 баламен жұмыс істеп жатыр. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі арқылы жалпы 27 спорт ұйымы спорттың 25 түрін дамытып, 7600 баламен 369 жаттықтырушы жұмыс істеуде. Аудан, қалаларда ашылған 18 спорт клубында 379 жаттықтырушының көмегімен 12 735 бала спортпен тұрақты түрде айналысып жүр. Жыл басынан бері облыс аумағында 1 647 бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізіліп, 186 898 адам қатысқан. Оның ішінде ауылдық жерде 1 135 іс-шара өткізіліп, 119 345 адам қамтылған. 

Облыста спортпен шұғылдануға жағдай жасау мақсатында 3 814 спорт нысаны тіркелген (2673 нысан білім беру мекемелерінде). Оның ішінде 3 056 нысан ауылдық жерде (80%), 758 нысан қалалы жерде (20%) орналасқан. Жалпы облыста 21 стадион, 2 спорт сарайы, 2 оқу-жаттығу орталығы, 46 спорттық кешен, 116 спорттық манеж, 1 шаңғы базасы, 25 ату тирі, 21 теннис корты, 20 жүзу бассейні, 1 081 спорт залы (844 білім беру ұйымдарында), 2 478 жазықтық құрылғылар (1 793 білім беру ұйымдарында) бар. Осы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша 1000 адамға шаққанда спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету көрсеткіші 41,4 пайызға жетіп отыр.

«Ауыл ел бесігі» жобасы аясында 15,2 миллиард теңгеге 15 спорт нысанының құрылысы жүргізілуде. Олар Арыс, Бәйдібек, Келес, Мақтаарал, Ордабасы, Сайрам, Сарыағаш, Сауран, Созақ, Төле би аудандарында. Бүгінгі таңда 2 спорт нысанында құрылыс жұмыстары аяқталды. Арыс қаласы Қожатоғай ауылындағы (жоба құны – 233,1 млн теңге) және Сауран ауданы Бабай Қорған ауылындағы (жоба құны – 183 млн теңге) спорт залдардың құрылысы) 8 спорт нысанын жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарда бар. Жергілікті бюджет есебінен аудан, қалаларда 5,8 миллирд теңгеге 44 спорт нысанының құрылысы жүргізілуде. 2024 жылы спорт инфрақұрылымын дамытуға жеке инвесторлар есебінен 7,3 миллиард теңгеге 60 спорт нысанының құрылысы жүргізілуде. Бүгінгі таңда 22 нысанның құрылысы аяқталып (2,7 млрд теңге), пайдалануға берілген.

Түркістан облысында денсаулық саласы толық цифрландырылған
Түркістан облысында мүмкіндігі шектеулі және аз қамтылған азаматтарға әлеуметтік жағынан қолдау көрс
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу