Түркістан облысында денсаулық саласы толық цифрландырылған

Oinet.kz 30-09-2024 16

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында Ұлт саулығын нығайту үшін кешенді шараларды қолға алып, халықты әлеуметтік қолдау жүйесін жаңғырту керек екенін айтты.

Screenshot_51.jpg

«Бюджеттің мүмкіндігі мен міндеттемесін ескере отырып, мемлекет кепілдік беретін медициналық көмектің бірыңғай базалық топтамасын жасау қажет. Ал одан асып кеткен шығынның бәрі сақтандыру жүйесі арқылы төленуге тиіс. Цифрландыру болмаса, мұндай ауқымды өзгерістерді сәтті жүзеге асыру мүмкін емес. Бір-біріне байланысы жоқ ондаған бағдарлама мен ақпараттар базасының орнына бірыңғай мемлекеттік медициналық ақпарат жүйесін жасау керек. Жаңа жүйе, меншік түріне қарамастан, мемлекеттік тапсырыс алатын медицина мекемелерінің бәріне толық бақылау жасалуын және мәліметтердің шынайы болуын қамтамасыз етуі қажет. Үкімет осы маңызды мәселені шешуге дереу кірісіп, бұл бағыттағы жұмыстың барысы жөнінде маған және депутаттық корпусқа есеп беріп отыруға тиіс» деді Президент Жолдауында.

Түркістан облысының денсаулық сақтау басқарма басшысының басшысы Асхан Мархабайұлының айтуынша, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында Түркістан облысы бойынша қала мен аудандарда мемлекеттік және жекеменшік медициналық ұйымдар медициналық ақпараттық жүйеге (әрі қарай – МАЖ) қосылған. Қазіргі таңда медициналық ұйымдар Damumed және облыстық жедел медициналық жәрдем стансасы «Көмек» медициналық ақпараттық жүйе арқылы жұмыс істеп тұр. Damumed және «Көмек» медициналық ақпараттық жүйе арасында науқастарға сапалы әрі толық медициналық қызмет көрсету мақсатында интеграциялау жұмыстары жүргізілуде және Damumed медициналық ақпараттық жүйесі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйелерімен және e-gov порталымен интеграцияланған. 

- Мемлекет басшысы Жолдауда денсаулық саласына қатысты көтерген мәселенің бірі – білікті медицина мамандарының тапшылығы. «Бұл мәселені шешу үшін, ең алдымен, медицина саласындағы білім сапасын барынша арттырған жөн. Соның ішінде грант құнын білім беру үдерістерінің деңгейіне қарай саралау арқылы белгілеп, тиімді тарату қажет» деді. Бүгінгі күні президент тапсырмасына сай медицина қызметкерлерінің білімі үнемі арттырылып отыр. Мәселен, дәрігерлер және орта буындағы дәрігерлер медициналық ақпараттық жүйемен жұмыс істеуге толығымен оқытылған және облыс тұрғындары түгелімен электронды паспортпен қамтылды. Дәрігердің қабылдауына алдын ала жазылу, дәрігерді үйге шақыру және медициналық анықтамаларды алу қызметтері электронды түрде орындалады.

Әр емханада науқастарға цифрлық көмек көрсету посттары және өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары орнатылып, келушілер электронды түрде қызметтер ала алады, - дейді басқарма басшысы.

Биыл өңірдің медициналық ұйымдары тарапынан республикалық бюджет есебінен Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы «Қазақстан Республикасының белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтарының жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікті амбулаториялық қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесін бекіту туралы» ҚР ДСМ №75 бұйрығына сәйкес 15,9 миллиард теңге сомасына дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың 549 атауын сатып алуға өтінім беріліп, бүгінгі күнге дейін «Д» есепте тұратын 192 752 науқас жалпы сомасы 11 478 773 мың теңгеге қажетті дәрілік заттармен қамтамасыз етілген. Соның ішінде 18 жасқа дейінгі 48 200 науқас 2 316 558 мың теңге қаражат көлемінде қамтамасыз етіліп отыр. 

Сонымен қатар Түркістан облысының денсаулық сақтау басқарма басшысының басшысы Асхан Мархабайұлының айтуынша, осы жылы жаңадан пайда болған «Д» есепте тұратын науқастар санының артуына байланысты медициналық ұйымдар тарапынан ТМККК шеңберінде 2 355 962 мың теңгеге және МӘМС жүйесі бойынша 488 550 мың теңге көлемінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың қосымша өтінімі жолданды. 2024 жылға жылпы өтінім сомасы 18,7 миллиард теңгені құрады. Нақтыланған өтінім бойынша игерілген көлем 72 пайыз, жалпы 2024 жылғы өтінім бойынша 61,5 пайызды құрайды.

Биыл жергілікті бюджет есебінен амбулаториялық деңгейде медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде 24 нозология бойынша 261 науқас 2 313 050 мың теңгеге, оның ішінде 18 жасқа дейінгі 95 науқасқа 1 364 413 мың теңгеге қамтамасыз етілген. 

Түркістан қаласында 2958 адам жұмысқа жолданып, ерекше 20 азамат жұмыспен қамтылған
Түркістан облысында Бұқаралық спортта қолдау бар
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу